8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Сәуір 2020 1144 0
Қоғам

БЛОКБЕКЕТТЕРМЕН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕГІ БАЙЛАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҰСЫНЫЛДЫ

11 сәуір күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы Арнайы мониторинг тобы «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комиссиясының өкілдерімен бірлесіп, Орал қаласындағы 9  блокбекеттің түнгі жұмысына мониторинг жүргізді.

Аталған жұмыс сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған транзиттік жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі әкімшілік кедергілерді болдырмау және  блокбекеттің түнгі қызметін қарау мақсатында жүргізілді.

Мониторинг кезінде Орал қаласының №6 блокбекетінде жарық жүргізілмегені анықталды. Бұл тәуліктің қараңғы кезінде блокпосттан өтетін азаматтар үшін қолайсыздық тудырып, жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі мүмкін. ТЖ кезінде заңдылықтың сақталуын бақылауды күшейту мақсатында әкімдікке барлық блокбекеттерді облыс әкімдігінің Штабы мен ПД ЖБО тікелей эфирі арқылы байланыстырылған бейнебақылау камераларымен жабдықтау туралы ұсыныс енгізілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
99 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
340 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
332 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»