ДЕМЕУШІЛЕР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
Батыс Қазақстанда 108 мыңнан астам оқушы контингентімен 390 мектептер (оның ішінде 379 күндізгі жалпы білім беретін мектептер, 3 кешкі мектеп, 3 жеке мектеп, 3 арнаулы мектеп, 1 спорт мектеп, 1 НЗМ) 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап қашықтан оқуға толықтай көшті. Бұл туралы БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітіп берді. Барлық жұмыстар аталған ұсынымдарға сәйкес жүргізілуде. Облыстың 379 жалпы білім беретін мектептің 362 кеңжолақты интернет желісіне қосылған, оның ішінде талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы, кабельдік қосылым (ADSL) арқылы, шектеулі трафикпен спутниктік байланыс арқылы, радиокөпір технологиясы бойынша қосылған. Орал қаласының мектептері мен аудан орталықтары 100% қамтамасыз етілген. Спутниктік байланыс арқылы интернетке қосылған мектептердегі интернет желісі жылдамдығының төмендігінен (4-10 Мбит/с), сондай-ақ шектеулі трафик әсерінен (10 Гб) облыстың мұғалімдері мен оқушылары оқу процесінде цифрлы білім беру ресурстарын – Bilimland.kz білім беру порталын толығымен қолдана алмайды, онлайн шараларды трансляциялауға мүмкіндік азайып, сонымен қатар Kundelik.kz электронды журналы мен Ұлттық білім беру деректер қорын уақытылы толтыруға қиындық туғызады. Сондықтан спутниктік байланыс арқылы Интернет желісіне қосылған мектептерде интернет жылдамдығын арттырып, трафикті 30 Гб-қа дейін көбейту қажет.
Облыс бойынша оқушыларда компьютерлер, ноутбуктер, планшеттердің болуы туралы ақпараттар жинақталды. Мектеп балансындағы 3155 компьютер (2554 оқушы, 601 педагогке ) уақытша қолдануға берілді. Дәл қазіргі уақытта облыс мектептерінде жұмыс жасайтын 14 148 мұғалімнің 100% электрондық ресурстары бар (компьютер, ноутбук, планшет, смартфон).
Сонымен қатар облыс тұрғындарына оқушыларды компьютерлер мен смартфондармен, интернетпен қамту бағытында үндеулер жарияланып, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Бүгінге дейін демеушілер есебінен 40 оқушы телеканалдарға, 310 оқушы ғаламторға ұялы байланыс провайдері арқылы қосылса, 52 оқушыға ноутбук пен планшеттер алынған.
Қазіргі таңда мұғалімдерге қашықтан оқытуға көшуге байланысты сабақты және ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру бағытында әдістемелік көмектер берілуде. Мұғалімдерге электрондық цифрлық платформаларды пайдалану бойынша әдістемелік көмектер берілді. 9750 оқытушы қамтылған 125 вебинар өткізілді.
Айта кетейік, елдегі төтенше жағдайға байланыс төртінші оқу тоқсаны қашықтан оқыту жүйесімен ұйымдастырылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі оқушылар үшін қашықтан оқытуды түрлі форматта жүргізуді ұсынды. Бірінші – «Еларна», «Балапан» телеарналарында және «Қазақ радиосы» толқынында сабақтар беріледі. Осы сабақтарды көріп болған соң, мұғалім оқушылармен түсіндірілген жаңа тақырыптар бойынша кері байланыс орнатады. Кері байланыста электрондық журнал болған жағдайда кеңес береді. Электрондық журнал болмаған жағдайда мұғалімдер өздерінің уақытша журналында оқушылардың оқу үлгерімдерін белгілеп отырады. Екінші – интернет платформалар арқылы. «Bilіm MediaGroup», «Күнделік», «Мектеп онлайн», «Дарын онлайн» интернет платформалары мұғалімдер мен оқушыларға тегін қызметтерін ұсынып отыр. Мұнда әр пән бойынша бірнеше мыңнан астам видео сабақтар орналастырылған. Осы ресурстарды пайдаланып, мұғалім оқушыларға тиісті тапсырмалар беріп, оқушылармен кері байланыс жасайды және сабақтың қалай өткенін қорытындылап отырады. Сонымен қатар, ұялы байланыс телефондар мүмкіндігін пайдаланып ватсап, телеграмм басқа да чаттар, электрондық пошталар арқылы оқыту ұйымдастырылады. Үшінші- алдын ала дайындалған сабақ жоспары арқылы қағаз тасымалдағышта жүргізіледі (пошта бөлімшелері немесе қолма-қол).
«Дене шынықтыру», «Өзін-өзі тану, «Көркем еңбек», «Музыка», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» пәндері бойынша қашықтан сабақтар өткізіледі, ал мұғалімдер тиісінше сабақтарын жүргізетін болады.
ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан ҰБТ өткізу қосымша хабарланатын болады. Ал қорытынды атестаттау 9,11 сыныптарда өткізілмейді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу