КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕСЕЙДЕН КЕЛГЕН
Бүгін Батыс Қазақстан облысында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған бір науқас тіркелді. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының хабарлауынша, ол Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын 37 жастағы Батыс Қазақстан облысы тұрғыны.

Ресей Федерациясының Саратов облысымен шекарадағы «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде, азаматтан жөтелу, тұмаурату белгілерін анықтаған. Азамат іс-әрекет алгоритміне сай оқшауланып, жедел жәрдем көлігі шақырылды. Барлық эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, ол провизорлық стационарға жеткізіліп, коронавирус жұқпасына талдау жасалған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланған. Қазіргі уақытта науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жеке боксқа орналастырылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, «Ұлттық сараптама орталығы» БҚО бойынша филиалы дезинфекция орталығы мамандарымен дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген.
11.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекциясына шалдыққан барлығы 7 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ем алуда.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу