8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Сәуір 2020 1473 0
Қоғам

«ҚИЫН ҚЫСТАУ ЖАҒДАЙДА АЛДЫМЕН БЕРЕКЕ-БІРЛІК КЕРЕК»

           Елбасының халыққа жолдаған Үндеуі  – қазақ көшбасшысы, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың  көрегендігін кезекті рет көрсетті. Бұрынғы Жолдау­ларында ол елді экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш сал­ған болса, енді Қазақстан аза­мат­­тарының тұрмыс-ахуалын арт­тыруды көздеген әлеуметтік шара­лар жасау тұрғысындағы мақса­т­тар­ды белгілеп отыр. Осының өзі – мем­лекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек.

Өйткені, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі. «Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы қай елге болсын оңайға тиіп отырған жоқ. Осындай қиын қыстау жағдайда бізде алдымен береке-бірлік керек. Елбасы айтып кеткендей, ата бабамыз бұдан да қиын талай заманды бастан кешірді. Одақ ыдырап тәуелсіз ел болған жылдары талай қиындық бастан өтті.  Бірақ Елбасының салиқалы саясатының арқасында қазақ елі бүгінгідей даму деңгейіне жетіп отырмыз!  Қазіргі таңда ғаламтордың қолжетімділігі арта түскен уақытта білім беру мен оқытуды ақпараттық-коммуникациялық технологияларсыз елестету мүмкін емес.  Қашықтан оқыту форматында тиімді оқыту үшін міндетті үш компонент қарастырылуы тиіс: бейнесабақтар (теледидар, ғаламтор және түрлі платформалар), мектеп оқушылары мен студенттер өз бетінше жұмыс жасауы, орындалған тапсырма бойынша ұстазбен кері байланыс жасауы. Сондай-ақ, қашықтан оқытудың маңызды бөлігі, оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мүмкіндігі болып табылады. Әрине, үйден оқыту белгілі бір өзіндік тәртіп пен өзін-өзі реттеуді талап етеді. Қашықтан оқытуды енгізу – барлық білім беру жүйесі үшін үлкен жаңалық. Қазіргі таңда жеті мыңнан астам мектеп жаңа форматқа ауысуға тиіс болып отырған жағдайда педагогтар мен ата-аналардың тарапынан туындаған алаңдаушылықты түсінуге болады. Ата-аналар үйде оқытуды ұйымдастыру мен барлық пән бойынша бағдарламаны толық меңгеруді бақылау құзыреттіліктерін жеткіліксіз деп санайды. Мұғалімдер жауапкершілік жүгін: онлайн сабақ жоспарын әзірлеу, ал ол әдеттегі жоспардан ерекшеленеді, баланың өз бетінше жұмыс істеуіне түсінікті ресурстарды таңдау, ол жұмысты бағалауды, жеке немесе топтық онлайн кеңес өткізуді игере алмай қалуды уайымдайды. Әрине, жаңа дүниенің киындығы мен қызығы қатар жүретіні белгілі, бірақ бұл біздің елдің ғана алдында тұрған мәселе емес. Тіпті бөлім басшылары екі апта бұрын «Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты екі тілде вебинар өткізді. Мұндағы жағдайдың басты артықшылығы – олар аз уақыт ішінде игеріп, барлық қашықтан оқыту технологияларын енгізуді инновацияны қолдау деп қабылдайды.

Бүгінде әлемге қауіп төніп отырған сын сағатында алдымен халықтың ішкі ынтымағы берік болуы тиіс. «Пандемия – ақыр заман емес. Ол да кетеді. Одан кейін адам да, заман да өзгермек. Жаңа әлемге жаңа кәсіп пен білім қажет. Бәріміз оған лайықты өз орнымызды табуымыз қажет. Жүректегі ақыл, білектегі күш, ынта мен жігерді қоса ұстасақ, бар қиындықты жеңеміз! Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары сан алуан қиындық пен дағдарысты Елбасымен бірге бастан өткердік. Бүгінгі қиындықтан да өтеміз. Аман болайық. Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін!», – деді Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Анархан  ҚҰТТЫҒАЛИЕВА, PhD докторанты

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»