«STOPCOVID.KZ САЙТЫН ІСКЕ ҚОСУ АРҚЫЛЫ ЗАҢСЫЗДЫҚТАРҒА ТОСҚАУЫЛ ҚОЯ АЛДЫҚ»
8 сәуір күні ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласы жарияланған еді. Осы мақалаға орай үн қосқан Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков азаматтардың денсаулығын сақтауда қабылданған шаралар туралы айтып, қала тұрғындарын қиындықты бірге еңсеру үшін жұмылуға шақырды.

– Құрметті оралдықтар, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлын Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты Қазақстан халқына үндеуі азаматтарымызға осындай қиын сәтте үлкен демеу беріп, бетпе-бет келген сынақпен күресте зор сенім мен жігер береді. Елбасы өз үндеуінде аға ұрпақ пен зиялы қауымға, жас ұрпаққа, кәсіпкер азаматтарға сөз арнап, сындарлы шақта бірлік пен ынтымақта болу, жауапкершілік пен қамқорлық жасап, игі іс қылу қоғам өміршеңдігі мен мемлекет өркендеуінің негізі, кез келген қиындықты еңсеруде басты құндылық екенін жеткізді. Осы арада Тұңғыш Президентіміз: «Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі» деп нақты атап өтті.
Қазіргі таңда мемлекет азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығы үшін кешенді шаралар қабылдап, барынша қолдау көрсетіп жатыр. Қаламызда тұрғындардың денсаулығы мен амандығын сақтау үшін мемлекеттік бас санитардың қаулысымен күшейтілген карантин режимі енгізілді. Коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын күшейту мақсатында қалалық бас санитардың қаулысымен қосымша шектеулер жасалды. Көршілес облыстарда қатерлі індет өршіп тұрғанын ескерсек, біз дер кезінде тиісті шараларды қабылдадық. Жедел штаб құрылып, тәулік бойы жұмыс істейтін call орталық тұрғындар тарапынан түскен сан алуан сұрақтарға жауап беруде. Қазір жедел шешімдер қабылдап, оңтайлы әрекет етуді талап ететін кез. Сондықтан тұрғындарымызға толық ақпарат беретін, карантин кезінде орындалуы тиіс тәртіп пен нұқсаулықтар, тұрғындарымыз үшін қажетті функцияларды жүзеге асыратын STOPCOVID.KZ сайты іске қосылды. Бұл бірыңғай жүйелі электронды база арқылы қызмет аясы шектелген кәсіпорындардың өтініштері тіркеліп, жұмыс істеуге рұқсат ала алады және қажетті мәліметтер базасы блок-бекеттерге беріледі. Бұл сайтты іске қосу арқылы біз көптеген кәсіпорындардың өз таныстары мен туыстарына анықтама алып беру сияқты заңсыздықтардың жолына тосқауыл қоя алдық.
Сонымен қатар, тұрғындардан түскен көптеген өтінішті қарастыра келе, азаматтардың саяжайға барып-келу үшін сенбі және жексенбі күндері бекітілді. Жуырда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы белгіленді, қандай да бір бағаны асыра көтеру фактілері заң аясында жауаптылыққа әкеледі.
Күшейтілген карантин кезінде қалаға кіріп-шығуды шектеу шаралары – тұрғындарымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталып отыр. Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында қаламызда тиісті мекемелердің күшімен ауқымды дезинфекциялау жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Алдымызда тұрған қиындықтарды тезірек еңсеру үшін қала тұрғындарын карантин режимі тәртібін қатаң сақтауға шақырамын. Бірлесе білсек, қиындықтарды бірге жеңеміз.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года

Кіру
Пікір үстеу