«ӘР АЗАМАТҚА МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОР БОЛАДЫ»
Аққали ӘУБЕКЕРОВ, Орал қалалық мәслихатының хатшысы:

– Бүгін Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев туған халқына «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын жолдап, әлемді жайлаған індеттің елімізде етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отырғанын жеткізді. Сондықтан қазақстандықтарды жер-жердегі игі мақсаттағы іс-шаралардың бәріне қолдау көрсетіп, қиын сәттерді бірлесе еңсеруге үндеді. – Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі, – деген Елбасымыз дәл осы тұста халқымыздың әрдайым үлкенге – құрмет көрсетіп, кішіге – қамқор болатын абзал қасиеттері септігін тигізеріне сенді. Аға буынды жас ұрпақтың алдындағы жауапкершілікті сезінуге міндеттеді. Жастардың күш-қайрат жұмсайтын кездері келгенін тілге тиек етіп, жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға үндеді. Ал кәсіпкерлерге «сіздер тәуелсіздіктің арқасында өз істеріңізді қалыптастырып, аяқтарыңызға нық тұрдыңыздар, мол дәулетке кенелдіңіздер. Енді«Мен еліме не беремін?» дейтін кездеріңіз де келді» деп, отандастарымызға қолдау көрсетуге шақырды. Осы орайда Орал қалалық мәслихатының депутаттары да жарасымды үрдісті жалғастырып, әрқайсысы өз округтеріндегі аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға қол ұшын беріп, қаржылай, заттай көмектесіп жатқанын айта кеткім келеді. Депутаттардың игі істері одан әрі жалғасын табады деп сенемін. Дағдарысты еңсеру үшін Мемлекет қабылдап жатқан шаралар өте маңызды. Елдегі әрбір азаматқа мемлекет қамқор болады. Сондықтан Елбасы барша қазақстандықтарды тағдыр мен тарих сынында еңсемізді тік ұстап, қиындықты бірлікпен ғана қасқая жеңуге шақырады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу