БҚО-ДА 423,3 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Биыл Батыс Қазақстан облысында 423, 3 шақырымдық жолды жөндеу жоспарланған. Бұл үшін 26,2 млрд. теңге қаражат бағытталып отыр. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарының үлесін 34 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.

БҚО әкімінің орынбасары Теміржан Шәкімовтың мәліметінше, Елбасының тапсырмасын орындау бойынша жалпы ұзындығы 245 км құрайтын республикалық маңызы бар Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы, Өнеге-Бисен-Сайқын автомобиль жолдары учаскелерінде күрделі жөндеу бойынша жұмыстары жалғасады. Жеткілікті қаржыландыру болған жағдайда биыл 104 км жол жөнделеді. Сонымен қатар, «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шекарасы» учаскесінің 35 шақырым жолын күрделі жөндеу аяқталады. 1,6 млрд. теңге қарастырылған қаражатқа Самара-Шымкент 214-250 км (36 км) жолын орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарында 22 жобаны іске асыру үшін 12,1 млрд. теңге қаражат қаралған. Дәлірек айтқанда. республикалық бюджеттен – 7,4 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 4,7 млрд. теңге. Бұған қоса жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыру күтілуде. Облыстық маңызы бар Бөрлі-Ақсай-Жымпиты 139-159 км, Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы 0-96 км автожолдар учаскілерін жөндеу жұмыстары жалғасады. Бәйтерек ауданындағы Быковка, Ембулатовка, Рубежка өзендері арқылы өтетін көпірді және Федоров-Ақсай автомобиль жолындағы 6 су өткізгіш құбырларын күрделі жөндеу жоспарланған.
Аудандық маңызы бар жолдар бойынша Ақжайық ауданындағы Жайық, Алғабас, Лбищенск кенттеріне кірме жолдарды күрделі жөндеу, Переметное-Цыганово, Переметное-Вечный, Жәнібек-Таловка-Кіші Өзен (2-27 км учаскесі) автомобиль жолдарын, сондай-ақ Тоғанас (Сырым ауданы), Жаңабұлақ (Ақжайық ауданы), Мерей (Тасқала ауданы), Новопавловка (Теректі ауданы), Ұзынкөл (Жәнібек ауданы) ауылдарына кірме жолдарды орташа жөндеу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу бойынша 7 жоба іске асырылады. Бәйтерек ауданының Переметное ауылында – бір жоба, Тасқала ауданының Тасқала ауылында – төрт және Бөкей орда ауданының Сайқын ауылында – екі жоба жүзеге асырылады. Оған бюджеттен 3 461,8 млн. теңге қаражат бөлінген. Барлығы 36,4 км ауылішілік жол жөндеу жоспарлануда.
– Жолдың сапасы бойынша республикадағы ең нашар жол біздің облыстың аумағындағы жолдар. Қазіргі уақытта жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдың үлесі 31 пайыз болып отыр. Ал көршілес Ақтөбе облысында бұл жағдай 60 пайыздан жоғары, республиканың оңтүстігіндегі облыстарда жолдың сапасы 90 пайызға дейін жақсы және қанағаттанралық деңгейде. Әрине ондай деңгейге жету үшін қомақты қаржы керек. Әзрге бөлінген қаржыға сай жұмыстар жасалуда. Биылға жоспарланған жобалар жүзеге асырылса, жолдың сапалық деңгейі 34 пайызға дейін көтеріледі деп күтіп отырмыз, – деді Теміржан Әдиетұлы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу