8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Сәуір 2020 1692 0
Қоғам

БҚО-ДА КОРОНАВИРУСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН 4 АДАМ ТЕРГЕЛУДЕ

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы құқық қорғау органдарының аймақтық қылмыстылығын, оның ішінде төтенше жағдай режимін төмендету бойынша үйлестіру шараларын қолдануда.

 

Құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ прокурорлық қадағалау бойынша уәкілетті және құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіру шараларымен төтенше жағдай енгізілгеннен бастап облыста қылмыстың 7,8 пайызға, оның ішінде орташа ауырлықтағы 28,6 пайызға және ауыр емес 29,4 пайызға төмендеуіне қол жеткізілді. Төтенше жағдай кезінде аса ауыр қылмыс тіркелген жоқ.

Тонау 75 пайызға, ұрлық 21,6 пайызға, алаяқтық 25,8 пайызға, қорқытып алу 50 пайызға қысқарды.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 32 пайызға азайды.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты облыс прокуратурасы азаматтарды үрейленбеуге, тыныштықты сақтауға, құқық тәртібін сақтауға, уәкілетті органдардың талаптарын орындауға, белгіленген тыйым салу және шектеу шараларын орындауға, жалған хабарламаларға ден қоймауға және тек ресми ақпарат көздерін басшылыққа алуға шақырады.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы тарапынан бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан, жекелеген азаматтар төтенше жағдай режимінің белгіленген шектеулерін бұзуды жалғастыруда.

Бүгінгі таңда облыс бойынша белгіленген тыйым салулар мен шектеулерді бұзудың 153 фактісі анықталды, бұл ретте сот 45 адамға қатысты әкімшілік қамауға алуды (2-ден 15 тәулікке дейін) және 40 адамға айыппұл салды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде коронавирусқа байланысты жалған ақпаратты тарату фактілері бойынша 4 адамға қатысты Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар, жұқтырған адамдардың сауалнамалық деректерін таратқаны үшін 3 қылмыстық іс тіркелді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
338 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
329 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»