МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҰЛТ МӘРТЕБЕСІ
Мемлекеттік тілдің мәртебесі дегенді әркім түсінеді, әркім әрқалай ойлайды. Біреулер үшін қазіргі кезде қазақ тілінің даму қарқыны жаман емес, алайда заң жүзінде нақтылап жазылған тіл мәртебесі қоғамда өз орнымен жұмсалуда деп айту қиын.

Ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мәселесі де болады. Қазақ тілінің мәселесі өткен ғасырдың басынан бері қозғалып келеді. Қоғамда орыс тілінің басымдылығы әлі де түбегейлі жойылып кетпегенін мойынд ауымыз керек. Қазақ тілі қазақ халқының ғана емес елімізді мекендеп жатқан барлық халықтың тіліне айналатын күн туды. Мемлекеттік тіл мәртебесіне Қазақстанда тұратын, ауасымен демалатын, суын ішіп, топырағын басқан кез келген азаматтың өз үлесін қосуы – оның азаматтық және адамдық борышы. Мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруы тиіс. Ол үшін тілді білуді мақсат тұтып, алдына талап қойып ізденіп, ерекше көңіл бөлсе, мемлекеттік тілді меңгерері анық.
Елбасымыз – «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек… Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтар өкілдерінің ана тілінде еркін сөйлей алуына оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай жасауымыз қажет» деп атап көрсеткен болатын. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамыту бойынша біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда. Әрине, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйету сабақтары да бар. Сол сабақтардың нәтижесінде мемлекеттік тілді үйренген өзге ұлт өкілдері де жоқ емес. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын кеңейту, дамуы мен жетілуіне жан-жақты жағдай жасау – жоспардан түспейтін маңызды мәселелердің бірі. Осындай мемлекеттік маңызды мәселені жүзеге асыру үшін мамандардың арнайы қабылданған бағдарлама мен іс-шараларды күнделікті жұмыс барысында тұрақты түрде жүргізуімен бірге күнделікті тұрмыстағы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру баршамызға ортақ міндет, себебі Қазақстан әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына ену үшін мемлекеттік тілімізді жоғары мәртебеде ұстауымыз керек.
Г.ҚАРАҒОЙШИЕВА, БҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу