ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ӨРКЕНИЕТКЕ ІЛЕСУ
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты.

Иә, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мемлекетіміздің алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп, өркениетті елдер қатарына қосылуына ықпал етері сөзсіз. Ғалымдарымыз да осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда. Шынында да ғаламторды ақтарып қарасақ, латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады екен. Демек болашағы зор деген сөз. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оны әрі қарай жүзеге асуына біз өз саламызда үлесімізді қосуға дайынбыз. Бұл ретте өңіріміздің білікті тіл мамандары мен оқытушы-профессорларының қатысуымен ұйымдастырылып жатқан мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшірудің жаңа стандарты жөніндегі бірнеше дөңгелек үстел отырыстарына қатыстық. Сондай игі шаралардан түйгеніміз – латын әліпбиіне көшу арқылы біз санамызды сіңіп қалған орыс тіліне деген тәуелділіктен босатамыз. Жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы тіліміздің таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Ендеше орыс тіліне жалтақтай берушіліктен арылып, латын қарпі негізінде ұлттық кодымыз қалыптасып, ұлт ретінде дамуымызға жол ашылады. Бұл міне Елбасымыз бағдарламалық мақаласында айтқандай, ұлттық код, ұлттық мәдениетіміздің сақталуы.
Қазақ тіліне тән емес әріптерді әліпбиден шығарып тастау арқылы халықаралық терминдерді қазақ тіліне бейімдеуге және латын әліпбиіне көшу ағылшын тілін игеруге зор ықпалын тигізеді екен. КСРО ыдыраған сонау ХХ ғасырдың аяғында біразы көшкен бауырлас түркі халықтары қазір өздерінің басымдығын сезініп отыр. Дамығандығын көрсетіп отыр. Біздің де мақсат сол дамыған 30 елдің қатарына кіру. Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдарының бірі. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі». Компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліппбиі екенін мойындаймыз, астымыздағы көлігіміздің нөміріндегі таңбалар латынмен, қолымыздағы куәлігіміз бен төлқұжатымыз да әу бастан латынмен жазылды. Коғамдағы осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады яғни латын әліпбиі бізге таңсық емес. Ол біздің қоғамға еніп кеткен. Оны еліміздегі кез-келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Латынға көшкенімізден ұтатын тұстарымыздың ең бастысы – тіліміздің тазалығы.
Әліпбидің үшінші нұсқасы қабылданғаннан бері облысымызда мемлекеттік қызметшілермен де жұмыстар жүргізіліп, диктанттар алынды. Тіл саласындағы мамандарымыздың, ғалымдарымыздың еңбегін бағалап, ел болашағы үшін қабылданғалы отырған маңызды шешімге қолдау көрсету, жақсыны үйренбекке ұмтылу – жүрегі елім деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті болмақ. Бізден тілек – ұлт үшін маңызды осы мәселенің оң шешіліп, жаңа әліпбиді үйрететен сапалы мамандар қатары көбейсе екен. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деп дана халқымыз айтқандай, өркениетке жету жолында нақты, нық қадамммен алға басайық!
Г.ҚАРАҒОЙШИЕВА, Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу