БҚО ӘКІМІ ҒАЛИ ЕСҚАЛИЕВ АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНДАҒЫ БЛОКПОСТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Бүгінде аймақ бойынша күшейтілген карантинге байланысты 90-ға жуық блокпост қойылды. Бүгін облыс әкімі Атырау облысының шекарасындағы блок бекеттердегі жұмыстың қалай ұйымдастырылғанын тексерді.

Ақжайық ауданының аумағында барлығы 6 блокпост жұмыс жасап тұр. Олар Шабдаржап ауылының тұсында; Алғабас ауылының, Жайық өзенінің сол жақ бетінде Сарытоғай ауылының тұсында, Чапаев ауылындағы қалқымалы көпірі тұсы мен Казталов бағытындағы тас жол бойында және Чапаев ауылынан Жаңақала бағытындағы тас жолда орнатылған.
Әр блокпостта ауысыммен 2 бригада қызмет атқарады. Атырау облысымен шекарадағы Шабдаржап ауылындағы және Алғабас ауылының тұсындағы блокпосттарда 4 санитарлық дәрігер және 6 миграциялық, учаскелік, патрульдік полиция инспекторлары қызмет атқаруда.
Блокпосттағы қызметкерлер патрульдік автокөлікпен, қару-жарақпен, бетпердемен, автокөлікті тіркеуге арналған журналмен, анкета парақтарымен және басқа да қажетті құрал-жабдықтарымен (тепловизер, антисептиктермен) қамтылған. Бекеттердің алдында тиісті жол белгілері қойылған.
Шабдаржап ауылы тұсындағы блокпосттан барлығы 5176 автокөлік (жеңіл-2733, жолаушы тасымалдаушы-95, жүк көлігі-2318) өткен. Пост қызметшілері 13845 адамды тексерістен өткізген. Соңғы тәулік ішінде блокпост арқылы Шабдаржап ауылы бойындағы блокпосттан 285 машина жүрген. Орта есеппен алғанда аталған тас жолдан 250-ге жуық автокөлік жүріп өтеді екен.
– Ақпараттық жұмыстардың арқасында екі облыс арасындағы жеңіл көліктердің саны айтарлықтай азайғанын байқаймыз. Өтіп жатқан барлық азаматтар тексеруден өтіп, сауалнама толтырып жатыр, – деп Ақжайық аудандық полиция бөлімінің бастығы Ертас Бисенов.
Облыс әкімі аталған блокпост бойынша тұрғындар тарапынан жиі көлік кептелісі орын алатыны туралы шағым келіп түскенін айтты. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, кептеліс ауысыммен жұмыс жасайтын адамдардың блокпостты бір уақытта кесіп өту кезінде орын алғанын жеткізді. Екі облыс шекарасынан өтетін адамдардың көбі Ақтөбе облысының азаматтары екен.
– Барлық тексерулерден кейін, оларды патрульдік автокөлікпен облыс аумағынан шығарып саламыз. Бізде бекетті айналып өту әрекеті де анықталды. Бүгінде тәртіп бұзушы ұсталып, хаттама толтырды. Қызу көтерілу және басқа да ауру белгілері анықталған жағдайда біз шұғыл түрде жедел Жәрдем қызметін шақырамыз, – деді полиция қызметкерлері.
Тексеру барысында облыс әкімі полиция және ТҚҚ қызметкерлері жүргізетін жұмыстың маңыздылығына тоқталып, тексерулерді барынша мұқият жүргізу керектігін атап өтті.
– Нақты сауалнама жүргізу, жазылған мәліметтердің толықтығын қадағалау арқасында облыс аумағында сырқаттанғандарды анықтау жеңіл болады. Соның нітижесінде, біз ауру жұқтырған адамның облысқа қайдан келгенін анықтап, онымен байланыста болған адамдарды тез таба алатын боламыз. Тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын мұқият жүргізіп, олардың сауалнама толтыру кезінде жеке жауапкершіліктері туралы естеріне салып отырудың маңызы зор. Мен сізден облыс тұрғындарын аурудан қорғау жолында шыдамдылық танытуға шақырамын, – деді облыс әкімі блокпостағы қызметкерлер бригадасына.

Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу