8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Сәуір 2020 1327 0
Өзек

ТОЛЫҚ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗБЕУ ҮШІН ҚОЖАЛЫҚ БАСШЫЛАРЫНАН ПАРА АЛҒАН

 31 наурыз күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазталов ауданы басшылығының қатысуымен «БҚО Қазталов ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы А.Г.Ғизатуллинге қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 200-бабы тәртібімен енгізілген ұсыным қашықтықтық байланыс құралдарын пайдалана отырып қарады.

Ол 2018 жылы ауданның шаруа қожалықтарының кедергісіз субсидия алуына көмек көрсеткені үшін, жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету шығындарын өтеу бойынша қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, салғырттық және шаруа қожалықтарының басшыларынан жалпы сомасы 390 мың теңге пара алды деген күдікке іліккен еді.

Ағымдағы жылдың 30 наурызында БҚО Қазталов аудандық сотының үкімімен Ғизатуллин өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 7 жыл және 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айырылды. Бүгінгі күнге үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ғизатуллиннің қылмыс жасауының себебі мен шарттарына себеп болған жағдайлар анықталды.   А.Г.Ғизатуллин 2018-2019 жылдар аралығында мекеме басшысының бұйрығымен Қазталов ауданы бойынша инвестициялық салым нысандарын тексеру бойынша мамандар тобының мүшесі болды.

Ғизатуллин «2017-2021 жылдарға арналған ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде №4 паспорт бойынша объектілерді тексеру барысында кейбір шаруа қожалықтарында құдықтың тереңдігін өлшеп, ұңғымаға жүгі бар арқанды түсіріп, содан соң құдыққа түсірілген арқанның ұзындығын өлшеп, осылайша құдықтың нақты тереңдігін орнатқан. Содан кейін құдықтың тереңдігінің сәйкессіздігін анықтаған, бұл ретте шаруа қожалықтарынан пара алып, актіде құдықтарды субсидия алуға сәйкес деп көрсеткен. Сонымен қатар, барлық шаруа қожалықтарында Ғизатуллин тереңдіктерді өлшемеген, тек сыртқы тексеру және судың бар-жоғын тексерумен шектелген.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауы азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімін төмендетеді және теріс имиджді қалыптастырады.

Жоғарыда аталған қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдау мақсатында облыс әкімі аппаратына ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде тиісті ұсыным жіберілді.

Сонымен қатар, тиісті бақылаудың жоқтығы және бағыныштылармен профилактикалық жұмыстардың әлсіздігі үшін «БҚО Казталов ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшылығын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау ұсынылды.

 

 БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
943 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»