8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Наурыз 2020 1438 0
Өзек

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛҒАНДАРДЫҢ САРАПТАМА НӘТИЖЕЛЕРІ ШЫҚТЫ

Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті 31 наурыздағы  Батыс Қазақстан облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін мәлімдеді.

29 наурызда Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекциясының (COVID-19) екі жағдайы тіркелген болатын. Екі пациент те облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта екі пациенттің де жағдайы қанағаттанарлық. Коронавирус жұқпасы анықталған азаматшалардың  үйлеріне дизенфекциялық жұмыстар жүргізілді, үйлер оқшауланды. Олармен 50 шақты азамат тікелей және ықтимал байланыста болған.

– Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарға лабораториялық зерттеу жүргізілді, сараптама нәтижелері теріс. Барлығы да медициналық бақылауда, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметкері.

Бүгінгі күні 38 адам стационарлық карантинде. ЖРВИ белгілері бар 53 адам рровизорлық госпитальге орналастырылған. Облыстың карантин госпиталінде аурумен қарым-қатынаста болған 50 адам жатқызылды. 1 «б» санаты бойынша 792  адам үй карантиніне алынды.

Облыстың эпидемиологиялық жағдайы Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің тәулік бойы бақылауында. Осы орайда сала мамандары облыс тұрғындарын қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, барлық сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
111 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
167 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
232 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
265 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
310 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»