ЖҰМЫС КҮНІ ЕКІ САҒАТҚА ҚЫСҚАРАДЫ
БҚО мемлекеттік бас санитар-дәрігері М.Арыспаевтың 2020 жыл 30 наурыз №5-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысына сәйкес Орал қаласы мен аудандардың барлық аумақтық мемлекеттік органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары, заңды тұлғалары (меншік нысанына қарамастан) жұмыс күнін екі сағатқа қысқартады.

Сондай-ақ жұмыс берушілер сақтық шараларын қабылдай отырып, өз қызметкерлерінің, клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Нақтырақ айтқанда, қызметкерлерге қолғаптар мен бір реттік маскалар таратуы, орынжайды күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау және дезинфекциялау жұмыстарын ұйымдастыруы керек. Дүкендерге, дәріханаларға, медициналық мекемелер мен басқа да ұйымдарға кіретін және шығатын жерлерде санитайзерлер орнатылуы, орынжай ішінде адамдар санын шектеу қатаң сақталуы керек. Аталған қаулыда көрсетілгендей, бұл 20 шаршы метр жерде 1 адамнан аспауы тиіс. Сондай-ақ азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға бір мезгілде 2 адамнан артық кірмеуіне, орынжайдың ішінде және сыртында адамдар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтап тұруына, орынжайдың ішіндегі және сыртындағы кезектерде 5 адамға дейін болу шектеуінің сақталуын бақылау жасалуы тиіс. Бұдан бөлек, орынжайларға жеке қорғаныш құралдарынсыз (медициналық маскасыз) кіруге тыйым салынады.
Айта кетейік, коронавирустық инфекциясының өршуіне байланысты індеттің таралуының жолын кесу мақсатында Батыс Қазақстан облысында 31 наурыз сағат 00.00-ден бастап күшейтілген карантиндік режим енгізілді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу