БҚО-ДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН 32 АЗАМАТ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгені туралы бірнеше рет ескерткен болатын. Осыған қарамастан, жекелеген тұлғалар белгіленген талаптарды бұзуды жалғастыруда. Сондықтан жауапкершілікті ауырлату жөнінде шаралар қолданылды.

Төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап оның шарттарын бұзғаны үшін 32 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 18-не қатысты әкімшілік қамаққа алу туралы шешім қабылданды.
Әкімшілік істердің көпшілігі сауда (дүкендер) және қоғамдық тамақтану (мейрамханалар мен дәмханалар) объектілері иелерінің төтенше жағдай кезінде енгізілген шектеулерді орындамауымен байланысты. Бұдан басқа, карантинге жатқызылған тұлғаның стационардан өз бетімен кету фактісі бар. Кінәлі тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды сату бойынша 4 фактінің жолы кесілді.
Осыған қоса, коронавируспен байланысты көрінеу жалған ақпараттар тарату фактілері анықталды. 3 тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар, коронавирусты жұқтырған тұлғаның жеке мәліметтерін таратқаны үшін 1 қылмыстық іс тіркелді.
«Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біздер азаматтардан қайталап қабылданған шараларды түсініп, денсаулық сақтау басқармасы мен полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Полицияның мұндай талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін (40 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 10 күнге дейін қамаққа алу) атап өтеміз. Санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзған үшін (ӘҚБК 425 бап) қызметін тоқтата тұрып 2000 АЕК дейін, ал бақылаушы органдардың актілері мен талаптарын орындамаған үшін (ӘҚБК 462 бап) қызметін тоқтата тұрып 500 АЕК дейін әкімшілік айыппұлға әкеп соғады. Сонымен бірге шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа берілмеуге шақырамыз» делінген БҚО прокуратурасының хабарламасында.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу