ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ: «АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БІРНЕШЕ АЙҒА ЖЕТКІЛІКТІ ҚОРЫ БАР»
Батыс Қазақстан облысында 19 түрлі әлеуметтік маңызды азық-түліктің бірнеше айға жеткілікті қоры бар. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданған іс-шаралар туралы брифингте Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков айтты.

Қала әкімі Абат Шыныбеков атап өткендей, мемлекет басшысы және облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Орал қаласында төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет ететін штаб құрылып, бес бағытта жұмыс жүргізуде. Соның бірі бағыты – азық-түлік бағасына мониторинг жасау.
– Қала әкімдігінің маманадары, облыстық басқарма басшылары және волонтерлер күнделікті барлық дүкен-супермаркеттер мен базарларда бірінші кезектегі қажетті тауарлар бағасына мониторинг жүргізуде. Облыс бойынша 19 түрлі әлеуметтік маңызды азық түліктің бірнеше айға жеткілікті қоры бар. Тапшылық жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік органдар облыс аумағындағы барлық сауда нүктелерін тиісті азық-түліктермен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуде. Тиісті мөлшердегі қор жасақталуда. Қазіргі уақытта маңызды тауарлардың шекті бағалары да белгіленген. Осы орайда тұрғындарымыз төтенше жағдай кезінде бағаны негізсіз өсіру, санитарлық талаптарды сақтамау фактілерін байқаған болса, 8 700 0 109 109 whatsApp нөміріне хабарлауларына болады, – деді Абат Абайұлы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу