8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Наурыз 2020 1392 0
Қалалықтар қаперіне

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАУ ТЕСТІН АҚЫЛЫ ТАПСЫРА АЛАДЫ

 Қазақстандықтар коронавирусты анықтау тестін ақылы тапсыра алады. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлады ҚазАқпаратқа сілтеме жасап, www.coronavirus2020.kz.

«Жалпы, бізде елімізге мұндай экспресс-тесттерді жеткізетін бірнеше демеуші бар. Қазіргі уақытта бірнеше компанияға бір рет әкелуге рұқсат беріп те қойдық. Бірінші топтамасы осы аптада жеткізіледі. Экспресс-тестілеу «Олимп» зертханасының базасында жүргізіледі. Бұл жедел-тесттер иммуноферментті сараптама әдісіне негізделген. Пациенттің қанында антиденені анықтайтын болады. Яғни, ауруып жүргендерде немесе жеңіл түрімен ауырып, жазылғандарды анықтайды», – деді комитет төрағасы министрліктің Facebook-тегі парақшасында «Денсаулық министрлігі хабарлайды…» деген айдармен жарияланған видеода.

Оның атап өтуінше, ҚР ДСМ коронавирусты анықтау үшін тестілеуден әлеуметтік әлсіз топқа кіретін пациенттерді өткізеді. Оларға ең алдымен дәрігерлердің есебінде тұрған тыныс алу органдарында созылмалы аурулары бар адамдар, вирус жұқтыру тәуекелі тобына кіретін адамдар, қарттар және 18 жасқа дейінгі балалар кіреді. Дегенмен, бұл санаттағы адамдардың нақты қайсысы тесттен өтетіндігі қазіргі уақытта нақтыланып жатыр.

«Олимп» жекеменшік зертханасы мұндай тестілеуді ақылы түрде де өткізетіні белгілі болды.

«Ал біз тестті полимеразды тізбекті реакция-диагностикасы әдісімен нақты ауру жұқтыруы мүмкін науқастарға тегін жүргіземіз», – деді Л.Бюрабекова.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
338 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
329 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»