8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Наурыз 2020 1617 0
Өзек

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН БҰЗҒАНДАРҒА ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

Оралда төтенше жағдай режимін бұзғандарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Ағымдағы жылдың 15 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 285 Жарлығына сәйкес, елімізде COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Осыған орай, аталған аурудың таралуын болдырмау мақсатында қаламыздағы барлық кафе, ресторан, қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақытына кешкі сағат 22.00-ге дейін шектеу қойылғаны туралы 2020 жылғы 16 наурызда кәсіпкерлік бөлімінен нұсқау келіп түсті. 17 наурыздан бастап қойылған шектеу бойынша учаскелік полиция инспекторлары және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, қаладағы волонтерлар, полицияның қоғамдық көмекшілері рейдтік іс шаралар жүргізуде. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы кодекстің 476-бабымен (төтенше жағдай үрдісін (режимін) бұзғаны үшін барлығы 8 әкімшілік хаттама толтырылды. Үшеуіне 10 күн қамақ, біреуіне 2 күн қамақ, екеуіне 10 АЕК (26 561 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Рейдтік іс-шараларға шығатын 3 топ құрылды, тексерістер 15 сәуірге дейін жалғасады. Кеше Абай полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары қала орталығындағы кафе, мейрамхана, дәмхана, шайхана сынды көпшілік тамақтанатын орындар мен көңіл көтеру, ойын сауық орындарын тексеріп, арнайы талаптардың орындалуын қадағалады. Бұл жолы түнгі рейдке Абай Пб учаскелік полиция инспекторлары волонтерларды, өзге де мүдделі ұйым өкілдерін ілестіріп шықты. Түнгі рейдтер алдағы күндері де жалғасын табады.
Заң баршаға ортақ, талаптарын орындауға бәріміз міндеттіміз.

Орал қ.ПБ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»