8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Наурыз 2020 1868 0
Қоғам

КӘСІПКЕРДЕН СЫЙ

Оралдық кәсіпкер Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде тұтынушыларына жеке қорғану құралдарын тегін таратты. 

Орал қаласы «Жұлдыз» шағынауданындағы «Дулат» дүкені қожайыны Нұрлан Сәденовтың жыл сайын шағынаудан тұрғындарына Наурыз, Жаңа жыл мерекелерін ұйымдастырып, аудан тұрғындарының жарасымды бірлігі мен татулығына ұйытқы болып жүргенін бұдан бұрын да жазған болатынбыз. Бұл жолы жеке кәсіпкер Ұлыстың Ұлы күнінде сауда орнына келушілер мен көрші-көлемдеріне Наурыз-көже мен бауырсақ ұсынып қана қоймай, медициналық маскалар мен антисептикалық заттарды тегін таратты.

– Биыл шағын дүкенімізге он жыл толып отыр. Біздегі азық-түлік тауарларының бағасы жұртшылыққа қолайлы. Әр мереке сайын түрлі мерекелік сыйлар жасауды әдетке айналдырдық. Қазіргі таңда да елмен бірге екенімізді көрсетудеміз, – дейді дүкен иесі Тұрсын Төлеутаева.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты Жақсылық жасап жарысқан жеке кәсіпкерлер Нұрлан мен Тұрсынның игі істері өзгелерге үлгі Һәм жалғасты болсын!!!

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
98 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
151 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
339 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
331 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»