8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2020 1706 0
Өзек

КОРОНАВИРУС. ШЕКАРАДА БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Коронавирус індетінің таралуын алдын алу мақсатында ел аумағында енгізілген төтенше жағдайға байланысты шекарадан өткендер жіті тексерілуде. Елдің батыс қақпасы саналатын облысымыздың Ресей Федерациясымен шектесетін бес шекаралық бақылау пунктінде санитарлық-карантиндік пункт құрылып, елімізге  кірушілерді тексеру шаралары күшейтілді. Бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиев «Сырым» өткізу бекетіндегі сақтық шаралары мен қауіпсіздік талаптарының қадағалану жұмыстарымен танысты.

«Сырым» өткізу-бақылау пункті арқылы күніге 1000-ға жуық жүк көлігі Ресей Федереациясынан Қазақстан аймағына өтеді. Алдымен шекарашылар жүргізуші-жолаушыларды қай елден келе жатқанын анықтайды. Коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз елдерде болған азаматтар санитар-эпидемиологтардың тексеруіне жолданады.  Бүгін эпидемиологтар коронавирус қаупі бойынша 1 санаттың «А» және  «Б» санатына жататын елдерде болған 20-ға жуық азаматтың қызуын өлшеп, тиісті сауалнаманы толтыртты.

Пунктте уақытша оқшаулау бөлмесі де жасақталған. Егер тексерілген азаматтан аурудың қандай-да белгілері байқалса, шақыртылған жедел жәрдем қызметі келгенше осы орын-жайға жайғастырылады.

– 13 наурыздан бастап шекарада тексеру жұмыстары күшейтілді. Өңірімізде бес бақылау-өткізу пунтінде карантиндік пункт ашылды. Коронавирус инфекциясын аумаққа кіргізбеу мақсатында эпидемиологтар тәулік бойы жұмыс жасауда,  – деді БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта облысымызда коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз елдерден келген 104 азамат бақылауға алынған. Олардың 16-сы  1 «А» санаты бойынша карантинге жатқызылған. 1 «Б» санатында – 24, 2 санат бойынша – 63 адам дәрігерлердің бақылауында.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
148 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
325 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»