8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2020 1385 0
Өзек

ӨЗГЕЛЕРДІҢ ЖЕКЕ МҮЛІКТЕРІН ҚОЛДЫ ҚЫЛҒАН

Орал қ.ПБ КПб жедел уәкілдері қала аумағында кейбір жұмыс орындары, саяжай, гараж сынды орындарға ұрлыққа түсіп, тұрғындардың жеке мүліктерін  ұрлаған күдіктіні құрықтады.

Күдікті ұрлық жасауға кешкі мезгілді ыңғайлы деп санаса керек,  кезекті ұрлық фактілеріне қараңғы уақытта жол берген. Меншік иелеріне тиесілі құрылысқа қажетті құрал-саймандарын, балық аулауға арналған резеңке үрмелі  қайықтар, резеңке бассейн, кілттер жиынтығы,  т.б. ұрлаған. Мысалы, 12 наурызда кешкі сағат 18.00-ден 13 наурызға қараған күнгі сағат 08.00 аралығында Орал қаласындағы ірі ЖШС-інің пластик терезелерін ішке қарай итеріп ашып, жұмыс орынын еркін шарлаған. Ғимарат ішінен «АИ- 92» маркалы жанар жағар майдың 9 талонын, жуғыш заттар, сұйық сабын, тазалау құралдарын сыпырып жинап, үптеп кеткен. 1958 жылғы В. есімді ЖШС иесіне 40 мың теңге көлемінде  материалдық залал келді. Тәртіп сақшылары 1992 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, Р. есімді күдіктіні ұстады.  Ұрлық жасағанын толықтай мойындады. Ұсталған тұлғаның бұған дейін де әкімшілік құқық бұзушылыққа жол беріп, заң алдында жауапталғаны белгілі болды.  Алайда, одан ЖШС-тен ұрланған заттар одан тәркіленбеді. Бүгінгі күні күдікті ҚР Қылмыстық Процестік кодексінің 128-бабына  сай  басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқарманың тергеу бөлімінің өндірісінде ҚР ҚК-нің 188-бабына  сай 4 эпизодпен қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер тергеу амалдарын жүргізуде,  бұлтартпас айғақ заттар да күдіктіден тәркіленді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»