ПӘТЕР АЛЫП БЕРУГЕ УӘДЕ БЕРГЕН
Таяуда Батысқазақстандық тәртіп сақшылары 13 адамды алдап үлгерген алаяқты қолға түсірді.

БҚО ПД полиция қызметкерлері жүргізген «Контрафакт» жедел-алдын іс-шарасы барысында интернет желісі арқылы «мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беремін» деген сылтаумен бірнеше адамды алдап үлгерген 1977 жылғы әйелдің Ақсай қаласының тумасы екені белгілі болды. Ол осы қызметі үшін жәбірленушілерден «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы банк карточкасына 350 мың мен 600 мың көлемінде ақша салуларын талап етіп отырған. Жалпы шығын 5 миллион жарым теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жолданды.
Облысымыздағы жұмыс іздеп жүрген азаматтар «Жұмысқа орналастырамын» деген алаяқтарға сеніп, табыс таппақ түгіл, талап еткен ақшасын жинап беріп, қолындағы барынан айырылып қалуда. Мұндай қылмыс түрлеріне ер адамдармен қатар, әйелдер де араласып жатады. Мәселен, Атырау қаласының 25 жасар тұрғыны вахталық түрдегі жұмысқа орналастырмақшы болып, әр адамнан кемінде 30-35 мың теңге көлемінде ақша алып, хабарсыз кеткен. Осыған ұқсас 5 эпизод тіркеліп отыр.
Аталған фактіге сәйкес ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Айта кету керек, ағымдағы жылғы 2 айдың қорытындысы бойынша 197 алаяқтық қылмысы тіркелген, өткен жылы осыған ұқсас кезеңде 196 қылмыс есепке алынған екен.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу