8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Наурыз 2020 2405 0
Өзек

ОРАЛДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ КОНДУКТОРЫН БАСЫП КЕТТІ

 Орал қаласында №7 бағыттағы қоғамдық көлік кондукторы автобустың астына түсіп, түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға 12 наурыз күні түскі сағат 11.45 шамасында болған. «ПАЗ-4234» маркілі автобустың жүргізушісі Ә.Молдағұлова көшесі бойымен «Сауда базасы» аялдамасынан қозғала бергенде кондукторы құлап кеткен. Оқыс оқиға салдарынан кондуктор автобустың артқы дөңгелегінің астында қалды.

2001 жылы туылған кондуктор түрлі жарақатпен Орал қалалық көпбейінді ауруханасының реанимация бөлімшесіне жеткізілген.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші 1992 жылы туылған. Медициналық тексеру нәтижесі оның ішімдік ішпегенін дәлелдеп отыр. Қазіргі уақытта осы факті бойынша  Қылмыстық Кодекстің 345-бабына (Жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
111 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
167 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
232 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
265 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
309 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»