ҚАЗАҚСТАНДА ЕКІ АЗАМАТТАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ
Коронавирус жұқтырды деген екі азамат та Алматы қаласында болған. Олар Германиядан келген. Біреуі – ер, екіншісі – әйел адам. Қазір науқастар Алматыдағы жұқпалы аурулар стационарына карантинге жатқызылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеген.

«Сол үшақпен келген азаматтар анықталып, карантинге жатқызылатын болады. Азаматтардың тізімі бізде бар. Олар келгеннен бері біздің бақылауда. Біздің алгоритм бойынша 24 сағатта осы азаматтар анықталып, карантиндік стационарға жеткізілуі қажет. Бір ұшақтың 12 азаматы қазір карантинде. Ары қарай бұл жұмыстар жалғасады. Барлық шаралар бұрын бекітілген алгорим бойынша жасалуда», – деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Бірінші науқас 9 наурызда келген.
«9 наурызда келген нуқаспен бір ұшақта 73 азамат келген. Олардың тізімі бойынша жұмыс жасаудамыз. Қазіргі мақсатымыз – барлық азаматты тауып, карантинге жатқызу. Ары қарай диагностикалық шаралар жүргізу», – деді ол.
Екінші науқас кеше, 12 наурызда келген.
«Қауіпті індет жұқтырғандарды емдеуге кірістік. Олардың жағдайы қалыпты», – деді министр.
Е.Біртановтың айтуынша, орталық залалсыздандыру құралдарымен толық жабдықталған. Қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті. Сондықтан министр елді дүрлікпеуге шақырды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу