8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Наурыз 2020 1745 0
Қоғам

АШЫҚ БЮДЖЕТТЕРДІҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

5 наурыз күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында колледждер мен облыстық мектептердің есепшілері мен мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметкерлерінің қатысуымен «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасымен жұмыс жасау бойынша семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин жүргізіліп жатырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық жағдайы мен заңбұзушылыққа жол бермеу бағытында алынып жатырған шараларға тоқталды.

Б.М.Хайруллин бюджет қаражатын үнемді пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атай отырып, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасымен» жұмыс жасау және оны толықтыру тәртібін түсіндірді.

Семинар барысында, кездесу барысында  білім беру мекемелері өкілдері өздерінің сұрақтарына жауап алып, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
215 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
198 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»