ҚЫЗҒАЛДАҚ ҚАУЫЗ ЖАРДЫ

8 наурыз – әйелдер қауымының көңілі де құшағы да гүлге оранатын арайлы мереке. Гүлдердің ішіндегі қызғалдақ – шуақты көктемнің нышаны ретінде бағаланады. Елімізде қызғалдақтың 32 түрі табиғи жағдайда өседі екен. Көздің жауын алар қыр гүлдері мамыр айында ғана бой көтеріп, құлпыра түседі. Ал қаламыздағы №5 мектептің жылыжайында ол қазірдің өзінде қауызын жарып үлгерді.
Мектеп 2017 жылдан бастап «Қызғалдақ өсіру» жобасын бастады. Қазір мұндағы жылыжайда 16 түрі өсірілуде. Бәрі де голландиялық сұрыптар. Үш жылдың ішінде қызғалдақты әр түрлі жағдайда отырғызып келеді. Нақтырақ айтқанда, зерттеу мақсатымен топырақ құрамына өзгеріс енгізіп сынама жасап жүр. Білім ошағы жанындағы жылыжайда қызғалдақ өсіру қалай басталғаны туралы мектеп мұғалімі, аталған жобаның ғылыми жетекшісі Ертілек Наурыз айтып берді. Айтуынша, бұл жобаны студент кезінде ұстазы Жанат Қажымұратовамен бірге қолға алған. Ал өзі мұғалімдік еңбек жолын бастағанда оқушыларымен бірге жалғастырды. Әрине, университеттегі оқытушысы әрдайым қолдау көрсетіп, зерттеу жұмыстарына жәрдемдесіп келеді.
Мақаланың жалғасын «Жайық үні» газетінің №9 санынан оқи аласыздар. 5 наурыз 2020 жыл.

Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу