8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Ақпан 2020 1808 0
Қоғам

ҒҰМЫР-САХНАДАҒЫ ЖАРАСЫМДЫ ЖҰП

Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы қолға алған «Жұлдызды отбасы» жобасының кезекті кездесуі Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының мақтаулы өнерпаздары, актерлар Ербол және Елена Есендосовтардың өмірі мен өнер жолын дәріптеуге арналды.

Кеш басталар алдында жұлдызды жұп пен кеш қонақтары Қадыр ақынға тәу етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. «Ғұмырсахна» атты айрықша атау берілген кеш «Жалт еткен сәуле» қойылымынан үзіндімен басталды.

Өмірде де, өнерде де жұп жарастырып, ел-жұртқа шынайы сезімдерімен, ақ адал ниеттерімен, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, шаңырақ шаттығын еселеуімен үлгі болып жүрген Ербол мен Еленаға өздері еңбек ететін театрдағы әріптестері – ардагер Құжырғали Төлеуішов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Сердеш Қажымұратов, актриса Б. Жақыпова ақ баталарын арнады. Сондай-ақ Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры Салтанат Абулғазиева ұжымындағы белді де беделді әріптестері жайлы мақтанышпен баяндап, ерекше ықыласын білдірді.

Бұл кеш өзге кештерден өзгеше өрбіді. Өйткені кеш кейіпкерлері жиылған көрерменмен әңгіме-дүкен құрып қана қоймай, бойларына жиған саф алтындай өнерлерін ортаға салды. Есендосовтар қосыла шырқаған ән көпшіліктің көңілін тербетсе, Ерболдың өзі қатысқан қойылымдардан келтірген үзінді сәттері мен монологтары, кәсіби биші Еленаның мың бұрала билеген биі көрермен тарапынан ерекше қошеметке ие болды. Тұла бойы талант тұнған жұлдызды жұптың балалары да мықты болуы – заңдылық. Олардың қыздары Тоғжан Мағзомованың ерекше толқыныспен оқыған монологы – соның айқын дәлелі.

Әсерлі де әдемі кеш әулеттің анасы – Күлән апамыздың алғысқа толы ақ батасымен түйінделді. Ел-жұртты жарасымымен, жақсылығынмен, табиғи таланттарымен таңғалдырған Есендосовтар әулеті елге әлі талай әсем кеш сыйларына сеніміміз мол.

 

Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының ақпарат бөлімі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
100 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
340 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
333 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»