8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Ақпан 2020 1575 0
Қоғам

МИТИНГ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚОҒАМ ТАЛҚЫСЫНДА

       Бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық  даму вице-министрі  Данияр Есин  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің мәжіліс залында өңір жұртшылығына «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыс ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы»  жаңа заң жобасын жан-жақты түсіндірді.  

–     Бүгін біз қоғам назарына жаңа заң жобасын ұсынып отырмыз. Жаңа Заң жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жасақталған.  Жалпы, 1995 жылғы заң жалпылама сипатта болды. Негізгі құқықтық регламент мәслихаттарға жүктелді, бұл мемлекеттің әр түрлі аймақтарында әртүрлі құқықтық реттелуіне әкеп соқты. Заңнамадағы мұндай кемшіліктер жергілікті уәкілетті органдардың алуан түрлі талаптар белгілеуіне көмектесті.  Жаңа заңның қабылдануы республиканың барлық аймақтарында бейбіт жиналыс өткізудің бірыңғай ережелерін орнатады. Сонымен бірге, қолданыстағы заңның кемшіліктерінің бірі – бейбіт жиын түрлерінің нақты реттелмеуі. Осыған байланысты заң жобасында ұғымдық аппарат құру ұсынылған. Бұл бейбіт жиын, митинг, пикет, жиналыс, демонстрация, шеру сияқты негізгі ұғымдарды қалыптастыруға және олардың арасындағы айырмашылықты анықтауға мүмкіндік береді. Заң жобасы бейбіт жиналыстардың негізгі қағидаттарын енгізуге мүмкіндік береді, олардың арасында, ең алдымен, зорлық-зомбылыққа, күштеуге тыйым салу, заңдылық, мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, өзгелердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және ең бастысы – қатысу еркіндігін қамтамасыз ету бар, – дейді Данияр Есин.

Одан бөлек, заң жобасында бейбіт жиындарда ұйымдастырушылардың, қатысушылар мен журналистердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін бекіту қарастырылған. Вице-министрдің мәлімдеуінше, қолданыстағы заң қатысушылар мен ұйымдастырушылар ұғымын ажыратпаған және журналистер қызметінің тәртібін реттемейді. Жаңа заңда ұйымдастырушылар мен қатысушылардың мәртебесіне, құқықтары мен міндеттеріне анықтама беру ұсынылады. Бұл бейбіт жиналыс қатысушылары мен ұйымдастырушылары болуы ықтимал адамдарға қойылатын талаптарды анықтауға көмектеседі. Оған қоса, ұйымдастырушылар мен қатысушылардың құқықтары мен міндеттері де нақты айқындалады, бұл бейбіт жиналыс субъектілері мен мемлекеттік органдар арасындағы мәселелерді реттеуге мүмкіндік береді. Бейбіт жиналыс ұйымдастыруды ыңғайлы ету үшін ұйымдастырушыларды тануға болатын белгілер қабылданады. Заң жобасында бейбіт жиналыстарды тек хабарлау тәртібімен пикет түрінде өткізу мүмкіндігі қарастырылады. Бейбіт жиналыстар, демонстрациялар, шеру және митингілер өткізуге рұқсат беру 250-ден астам адам қатысқан жағдайда ғана қажет болады. Заң жобасы хабарламаларды немесе өтініштерді қараудың нақты және түсінікті ретін құруға мүмкіндік береді.

Жиында сөз алған «Ақ отау» ҚБ төрайымы  Алтынай Исқалиева әлем бойынша халық митингіге өз пікірін білдіруге шығатынын жеткізді.  –  Мен бейбіт митингі мен пикет өткізуді қолдаймын, бірақ батыс елдерінде өткізілу тәртібін қайталамауымыз керек. Олардың өз тәжірибесі бар, бізде өзімізше өткізуіміз тиіс. Жаңа заңның кей тұстарымен мен де келіспеймін.  Митингіні қай жерде өткізу қолайлы екенін ұйымдастырушылар өздері шешуі қажет. Ал мәслихаттар құлақ асуы керек. Ал 250 адам деген қайдан шыққан? Митингіге қанша адам қатысатынын ұйымдастырушы қайдан біледі? – дейді ол.

Заң жобасының тағы бір басымдығы – бейбіт жиналыс өткізуге рұқсат берілмейтін негіздердің нақты тізімін жасау. Қолданыстағы заңда бейбіт жиналыс өткізуге рұқсат бермеу негіздері анық жазылмаған, ал түзетулерде нақты тізім қолданылды. Бұл жағдайда заң жобасында бейбіт жиналыстар үшін балама орын ұсыну құқығы қарастырылған. Бейбіт жиналыс өткізу орны да – заң жобасын әзірлеушілер жасаған маңызды бөліктердің бірі. Қазіргі уақытта мәслихаттар түрлі жерлерде бейбіт жиналыс өткізуге арналған орындар бөлді.

Жиналғандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдаған вице-министр Данияр Есин мүмкіндігінше көпшіліктің орынды пікірлерін  алда   қабылданатын жаңа заңға енгізуге уәде етті.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»