8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Ақпан 2020 2002 0
Қоғам

СПОРТТА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

27 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің БҚО департаменті басшысы Р.С.Ақмырзаев қаржы, дене шынықтыру және спорт басқармаларының ұжымы және БҚО спорт мектептері директорларымен кездесу өткізді.

Р.С.Ақмырзаев қатысушыларды Агенттіктің негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін түсіндірді.

Республика бойынша спорт және мәдениет саласындағы қылмыстық-тергеу тәжірибесін талдау осы саладағы сыбайлас жемқорлық негізінен сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқыру, «жоқ адамдарға» жалақы есептеу, оқу-жаттығу жиындарын және басқа да жаттығу іс-шараларын жалған өткізу және т. б. екенін көрсетті.

Егер бұрын Батыс Қазақстан облысында осы сала анықталған құқық бұзушылықтар саны бойынша алдыңғы орында болса, соңғы 2 жылда (2018-2019) қылмыс анықталған жоқ.

Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін облыстық спорт басқармасының басшылығымен бірлесе отырып жою жұмыстары нәтижесінде қол жеткізілді деп санаймыз.

Еске сала кететін жайт, бұл жұмыстар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Шаяхметовке қатысты 2017 жылғы резонанстық қылмыстық ісінен кейін қолға алынған болатын. Ол Орал қаласының спорт мектептерінің жаттықтырушыларынан 1,5 млн.теңге, яғни БҚО спортшыларының оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін іссапар шығыстарына бөлінген қаражаттың 40% – ы заңсыз жинап алған.

Сот үкімімен оның мүлкі тәркіленіп, жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеумен және мемлекеттік органдар мен мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, СҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасарына қатысты қылмыстық істердің мысалдары келтірілді. Атап өтер жағдай,  СҚО қаржы басқармасы басшысы бірден жұмыстан кету туралы өтініш білдіріп, облыс әкімі жұмыстан шығарды.

Департаменттің превенция және парасаттылық басқарма басшысы Б.М. Хайруллин қатысушыларды 2019 жыл қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген мониторингтің нәтижелерімен таныстырды.

Қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»