ЕРІКТІЛЕР МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «Арба» қоғамдық бірлестігінде галстуксіз дөңгелек үстел өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, «Бәйтерек», «Арба» қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Шара барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға биылғы Еріктілер жылының маңызы, қоғамдағы мүгедек жандардың мәселесі сөз болды. «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпақұлова өз тағдырластарына қоғамның қолдауы аса қажет екенін жеткізді. – Бүгінгі басқосуымыздың мақсаты да – осы. Қоғам мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін, түйткілді мәселелерін жергіліеті билік өкілдеріне құлаққағыс қылмақ. 2009 жылы ашылған бірлестігімізде атқарылған жұмыс аз емес. Алдағы уақытта біз секілді мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үлкен орталық ашылса деген тілегіміз бар. Сонымен қатар биыл – Еріктілер жылы. Ал еріктілер көбінесе мүгедек адамдарға жәрдемдесуге аса құлықты емес, – деді Гүлмира Асқарқызы. Осы орайда жиналғандар назарына бес жыл бұрын қолға алынған «Болашаққа көзқарас» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында түсірілген бейнеүзік көрсетілді. Облыстық Ассамблеямен бірлесе атқрылған аталмыш жобаны содан бері кәріс этномәдени орталығы мен «Арба» қоғамдық бірлестігі өзара жандандырып келеді. Өз кезегінде кәріс этномәдени орталығы өкілі, медицина маманы Виталий Ан «Арба» қоғамдық бірлестігінде ашылған массаж бөлмесінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қауіпсіз массаж тәсілдерін тегін үйрете бастаған. Бүгінде білікті маманның тәлімін алған мүгедек жандар игерген кәсіптері арқылы нәпақаларын таба бастаған. Виталий Анның айтуынша, арбаға таңылған жандардың еңбекке құштарлығы жоғары. Облыс әкімінің орынбасары Серік Рахметоллаұлының айтуынша, еріктілер осындай ұйымдарға қолұшын созуы тиіс. – Күні кеше өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы балалар үйінде болып, осы санаттағы жандарға қамқорлық танытудың жақсы үлгісін көрсетті. Осы үрдіс мемлекеттік қызметкерлер тарапынан жалғасын табуы керек, – дейді облыс әкімінің орынбасары. Ал көшбасшы партияның облыстық филиалының өкілі М.Мұқаев мұндай мәжілістер оң нәтижеге бағытталуы керектігіне басымдық берді. – Еріктілер қозғалысын жандандыру тек жастардың жұмысы деген қате түсініктен арылу керек. Оқушылардан бастап жасы үлкен адамдарға дейін бұл іске атсалыса алады. Облыстық партия төрағасының бастамасымен депутаттар да игі істер жасауға күш салуда, – деген Мұрат Рахметұлы Еріктілер қозғалысының жеті бағытына тоқталды.
Жиынға қатысқан БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрхат Ораш мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстануға жастардың батылы жете бермейтінін алға тартты. Осы орайда Еріктілер жылы аясында аталған санаттағы тұрғындармен қарым-қатынас жасауға үйрететін оқытулар ұйымдастыру көзделіп отыр. Басқарма өкілі бүгінгі таңда өңірімізде ашылған www.volunteer07.kz сайтына тіркелуге шақырды. Студенттік жылдардан бастап еріктілер қозғалысын дамытуға үлес қосып, үздіктер қатарынан көрініп үлгерген Ерлік Шамғалиев облыс жастарының бастамасымен іске қосылған жобалар туралы әңгімелеп, еріктілер мүмкіндігі шектеулі жерлестерімізге қолдау көрсеуге дайын екенін жеткізді.
Кездесуге арнайы келген мүгедек бала тәрбиелеп отырған ана Күләш Құспанова мүмкіндік шектеулі балаларға медициналық-әлеуметтік қолдау көрсететін «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің ғимараты дімкәс балалар мен оларға ем-дом жасайтын мамандарға қолайсыздық тудыратынын айтып, осы мәселе шешімін тапса деген ұсынысын білдірді.
Бұл күні облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев «Арба» қоғамдық бірлестігінің шеберхана, асхана, тігін ательесі, массаж, демалыс, компьютер бөлмелерінаралап, түйінді мәселелерін қаперге алды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА



Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу