8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Ақпан 2020 1707 0
Қоғам

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРДЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

2020 жылдың 19 ақпанында «Ақжайық-Адалдық алаңы» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» ҚБ қызметкерлері облыстық онкологиялық диспансердің қызметіне мониторинг жүргізді.

Бүгінгі күні онкологиялық диспансерде хирургиялық, радиологиялық, жалпы онкология бөлімшесі, сәулелік диагностика бөлімшесі және емханалық бөлімше жұмыс жасайды.

Мониторинг кезінде диспансердің барлық бөлімшелері тексерілді, қызметкерлер мен науқастар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Оңалту бөлімінде жақсы жағдай жасалған. Холда суреттер көрмесі, кітапхана, оқу залы ұйымдастырылды. Арнайы психолог дәрігерлер жұмыс істейді.

Емхананың құрылымына консультанттар (онкохирург, маммолог, онкогинеколог, онколор, уролог), параклиникалық, эндоскопиялық, рентгенодиагностикалық, ультрадыбыстық бөлімшелер және цитологиялық зертхана орталығы бар консультациялық бөлімше кіреді. Сонымен қатар, компьютерлік томография, маммография кабинеттері бар. Емханада келушілерге ыңғайлы болу үшін электронды кезек қарастырылған.

Медициналық мекеме қатерлі және ісікалды ісіктері бар науқастарға мамандандырылған көмек көрсетеді. Диспансерде науқастарға хирургиялық, химиотерапиялық, сәулелік емнен тұратын тегін медициналық көмектің кепілді көлемі ұсынылады. Арнайы емдеуден кейін емделушілер оңалту және қалпына келтіру емінен өтеді.

БҚО медициналық мекемелерінде мониторинг жалғасады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
104 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
157 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
345 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
337 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»