САН ТҮРЛІ САУАЛҒА ЖАУАП ТАБЫЛДЫ
Бүгін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ғимаратында «Ашық әкімдік» шарасы өтті. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған қабылдауға Байтерек, Теректі, Ақжайық және өзге де аудан, қалалардың тұрғындары келіп, өтініштері мен талаптарын айтты. Оларды партияның облыстық филиалының төрағасы Ғали Есқалиев және басқарма басшылары мен орынбасарлары, Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің өкілдері қабылдады.
Қоғамдық қабылдауда 200-ден астам тұрғынның өтініштері мен шағымдары тыңдалды. Олардың арасында атаулы әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй мәселесі, жұмыспен қамту, жер мен баспана кезегі, медицина, инфрақұрылымға қатысты өтініштер көп болды. Сонымен бірге атаулы әлеуметтік көмек бойынша келген көпбалалы аналардың да талаптары бақылауға алынды.
Мәселен, «Ашық әкімдікке» келген екі баланың анасы Лунара Сисенова жолдасымен ажырасқан. 2013 жылдан бері балаларына тиесілі алиментті ала алмай жүр екен. «Бармаған жерім, қақпаған есігім жоқ. «Ашық әкімдікке» алғаш келуім. Балаларыма тиесілі атаулы әлеуметтік көмек те берілмейді» деп шырылдаған ананы облыс әкімі жеке қабылдап, тиісті кеңестер алу үшін жауапты басқарма басшыларына жолдады. Жазира Хансұлтанова дертке шалдыққан ұлының курортта ем қабылдауына, дәрісіне көмек сұрай келді. Ал Жанболат Мерғалиев – бес баланың әкесі. Баспана кезегіне осыдан бес жыл бұрын 7641-ші болып тіркелген. Қазір 541-інші болып тізімде тұр. Айтуынша, тұрғын үй кезегі енді жылжымай қалған. Қазір тұрақты жұмысы да жоқ. Зейнетақы аударымдары түспеген соң, бес балаға атаулы әлеуметтік көмек ала алмай жүр. Аталмыш жандардың өтініштерін тыңдаған облыс басшысы мәселелерінің оңтайлы шешілуіне ықпал етті. Бұл күні тұрғындар әлеуметтік мәселелерден өзге қаланы абаттандыру, күре жол, бизнес бастау секілді түйткілді мәселелерді жергілікті атқарушы органдарға тікелей жеткізіп, жауаптарын алды.
«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың айтуынша, 2019 жылдың тамыз айында қабылданған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партиялық қайта жүктеу бағдарламасы аясында дәл осындай форматтағы «Ашық есік» күні әр тоқсан сайын жүзеге асатын болады.
Бүгінде Батыс Қазақстан облысында партияның 14 қоғамдық қабылдау бөлмесі қызмет етеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелеріне түскен 7142 арыз-шағымның 35 пайызы оң шешімін тапқан.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА





Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу