ИНВЕСТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
12 ақпанында БҚО Кәсіпкерлер палатасында БҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметинвесторларды қорғау мәселелерін осы саладағы уәкілетті органдармен талқылады.

Оған БҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.И. Самет, БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Б.Т. Ибраимов, «KAZAKH INVEST» ҰК филиалының директоры Н.С. Өтепбаев және «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының төрағасы Д.А. Жәнібеков қатысты.
Н.И. Самет «Protecting Business and Investments» жобасының іске асырылу барысы туралы ақпараттандырып, әріптестерін инвесторлардың жобаға қосылуына ықпал етуге шақырды.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша «Сатып алудың бірыңғай терезесін» пайдалану, инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуі, сондай-ақ осы бағыттағы қаржылық қолдау мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК филиалының, «AQJAIYQ» ӘКК басшылары бірлесе қызмет атқаруға дайын екендерін мәлімдеді.
БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Б.Т. Ибраимов Палата базасында іс-шараларды ұйымдастыру кезінде «Protecting Business and Investments» жобасын қосымша таныстыруды ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, «Protecting Business and Investments» жобасының мақсаты инвесторларды тек кәсіпкерлік қызмет аясында ғана емес, сондай-ақ инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезінде күнделікті өмірде кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау және аймақтағы инвестициялық бизнес-ахуалды жақсарту болып табылады. Жоба Агенттік пен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу