8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Ақпан 2020 1316 0
Қоғам

«АШЫҚ ӘКІМДІКТЕ» 156 ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін Орал қаласында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «Ашық әкімдік» іс-шарасы өтті. Бұл күні Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, қала әкімінің орынбасарлары, құрылымдық бөлім басшылары мен қызмет етуші кәсіпорын басшылары қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындарды қабылдау қаланың төрт мекенжайында өтті.

Қала әкімі Абат Шыныбеков А.Островский атындағы драма театрда өзіне тікелей жазылған 61 тұрғынды сегіз жарым сағат бойы жеке   қабылдады.  Мәселен, әкімнің қабылдауына келген қала тұрғыны Гүлжиян Жайлаубаеваның баспана кезегіне тұрғанына 33 жыл болған. 2016 жылы тұрғын үй кезегінен шығарылған. Содан бері бірнеше мәрте сотқа жүгінгенімен, жеңіліс тауыпты. «Қазіргі таңда бір бөлмеде үш отбасы тұрамыз. Неліктен мені кезектен шығарды?» деген Гүлжиянның өтінішін тыңдаған Абат Абайұлы мәселенің мән-жайын анықтайтын болды. Ал Рыбцех ауылының тұрғыны Нұрсұлу Орынбекова елдімекенге ауыз су қашан жүргізілетінін сұрай келді. Сондай-ақ осы бағытқа қатынайтын №17 автобустың уақытылы жүрмейтінін айтты. Бұл тұрғыда шаһар басшысы қазіргі таңда 45 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайын тұрғанын, қалалық бюджет мақұлдаса, жұмыстар биыл басталатынын жеткізді. – Қала бойынша барлық аймақтарды қамтыған 27 кездесу өткіздік. Тұрғындар тарапынан көтерілген ең өзекті мәселелер – тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, көше жолдарын жөндеу, жолаушылар көлігі, балалар алаңқайы мен аулаларды абаттандыру, жол қауіпсіздігі  болды. Кездесуге 2000-нен аса адам қатысып, олардан 400-ге жуық сауал түсті. Өтініштерді зерделеп, іс-шаралар жоспарын жасаймыз. Бүгінгі күні биылғы жылғы алғашқы «Ашық әкімдік» шарасын өткізіп, тұрғындарды жеке мәселелерін тыңдадым. Көбісі тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім саласын жетілдіру, көшедегі  тәртіп мәселесін алға тартты, – деді Абат Абайұлы журналистерге берген сұқбатында.

Осы күні қала әкімінің орынбасарлары Б.Нарымбетов Жастар шығармашылық орталығында, Бекжан Тоқжанов Деркөл кентінде, қала әкімінің аппарат басшысы Исатай Жазықбаев Зашаған кентінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

«Ашық әкімдік» барысында 156 тұрғын жеке мәселелерімен жолықты. Қабылдауға келген азаматтарды тұрғын үй мәселесі, материалдық көмек, жұмыспен қамту, коммуналдық мәселелері көбірек толғандырып отыр. Сонымен қатар, қабылдауға келген тұрғындар кәсіпкерлік, білім, беру, жер алу, жол жөндеу мәселелерін көтерді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
362 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
447 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
504 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
516 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
566 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
305 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
790 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
818 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
768 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
719 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
763 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
946 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»