8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Ақпан 2020 1954 0
Өзек

ЖАППАЙ ТӨБЕЛЕСКЕ ҮШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН

Оралдағы мектеп оқушыларының жаппай төбелесіне қатысты Орал қаласы Полиция басқармасында жедел түрде брифинг ұйымдастырылды.

Оқиға 7 ақпан күні Әбілқайыр хан даңғылы, 179 мекенжайы маңында болған. 8 ақпанда әлеуметтік желілерде таралған жеткіншектердің жаппай төбелесіне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 2-тармағымен (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта төбелеске қатысқан оқушылардың қалалық №46, 27 және С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған №11 мектептің оқушылары екені анықталған.

Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жантемір Иманәлиевтің мәлімдеуінше, төбелес №46 және №27 мектеп оқушылары арасындағы түсініспеушіліктен туындаған. Олар өзара кикілжіңді шешу үшін достарын шақырған. Төбелеске екі жақтан алты адам қатысқан. 15-20 жеткіншек қарап тұрған.

Брифингке қатысқан Орал қаласы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Батика Пайдина және аталмыш мектептің өкілдерінің айтуынша, төбелеске қатысқан оқушылар мектептің қоғамдық өміріне белсене араласатын, қолайлы отбасында тәрбиеленген балалар. Бұған дейін бұзақылық жасамаған.

Қазіргі уақытта түсінік алу үшін төбелеске қатысқан жеткіншектер заңды өкілдерімен бірге Орал қаласы Полиция басқармасына шақыртылған.

Сондай-ақ бұл жеткіншектердің ісі Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында қаралатын болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»