ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін қала әкімдігінде жолдағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған жобалар таныстырылды. Шараға қатысқан қоғамдық кеңес өкілдері, белсенді қала тұрғындары, жобалаушылар, әкімшілік полиция қызметкерлері мен тасымалдаушылар жоспарланған жобаларға қатысты ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.

Қала әкімінің орынбасары Бекжан Тоғжанов таныстырып өткендей, биыл 40 жаяу жүргіншілер жолына шақыру батырмасы бар бағдаршам қойылмақ. Қазіргі уақытта Орал қаласында 387 жаяу жүргіншілер өтпесі бар. Жаңа бағдаршамдарды қою орындары алдын ала жобаланған, дегенмен қосымша ұсыныстар зерделенген соң, нақты орындары айқындалатын болады. Әзірге мұндай бағдаршам Н.Назарбаев даңғылы бойында М.Өтемісов атындағы аялдама тұсында және Юбилейный аялдамасы маңында бар.
Екіншіден, қала көшелеріне 5 жаңа бағдаршам нысанын қою жоспарланып отыр. Әкімшілік полиция басқармасының ұсынысымен бұл бағдаршамдар Орал-Тасқала жолының Айтқұлов, Бурсиловский, Қабанбай батыр, Қонаев және Деркөл жолымен қиылысына қойылады. Сондай-ақ жеті бағдаршам нысанына қосымша секциялар орнатылады.
Аса қауіпті саналатын 50 жаяу жүргіншілер өтпесіне жасанды кедір-бұдырлы жол қойылмақ. Қазіргі уақытта бұл жабдықты алу үшін байқау жарияланған. Жарық шамдарымен қамту, жарықтанған жол белгілерін де қою көзделіп отыр. 50 орынға жарыққа шағыласатын жол элементтері орнатылады. 200 жаяу жүргіншілер өтпесі термопластпен белгіленеді, ал алты жаяу жүргіншілер өтпесіне биіктеу жаяу жүргіншелер өтпесін орнату жоспарлануда.
Сондай-ақ жерүсті өткелін салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалады. Қала әкімі орынбасарының сөзінше, магистралды көшелер саналатын, көлік қозғалысы аса көп С.Датов көшесіндегі «Алтындар» супермаркетінің тұсына және М.Шолохов көшесі бойындағы «Алтын алма» базары тұсына жерүсті өткелі қойылады деп жоспарланған.
Сонымен қатар екі аумаққа қисықбілеулі қоршау қойылады. Бұдан бөлек қала тұрғынарының қауіпсіздігі үшін 4 маңызды көшедегі жол ортасына қоршау салынады. Деркөл бағытындағы автокөлік өткелі мен «Құс фабрикасы» ауданындағы автожол толықтай жарықтандырылмақ. Блогерлердің ұсынысы бойынша кең жолақты жолдардың бойындағы жаяу жүргіншілер өтпесі мен қиылыстардағы үшбұрыштарда қауіпсіздік алаңдары ұйымдастырылмақ.
Сондай-ақ оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қоғамдық көліктерді жаңарту, бейнебақылау жүйесін орнату және қалалық маршруттарды оңтайландыру көзделіп отыр.
Жалпы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл 39 тараудан тұратын іс-шаралар жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу