8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Ақпан 2020 1547 0
Өзек

МЕЙРАМХАНАҒА ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

БҚО полиция қызметкерлері мейрамхана кешеніне жасалған қарақшылық шабуыл қылмысын ашты

Қаңтардың 4 күні сағат шамамен 03.25 кезінде Бөрлі ауданы Пб кезекші бөліміне «Алтын шатыр» мейрамхана кешеніне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетіп, Бөрлі ауданы Пб жеке құрамына бағдар беріледі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру кезінде белгісіз екеу беттеріне бетперде киіп, «Алтын Шатыр» мейрамхана кешеніне еніп, 1963 жылғы  күзетшіні балтамен қорқытып, мейрамхананы ашуын талап етеді. Кейін оның қол-аяғын байлап күзетшілер отыратын будкаға қалдырып кетеді. Өздері ішке еніп, кассадан ішінде 4 млн. 300 мың теңге және 1990 жылғы кәсіпкерге тиесілі құжаттары бар 2 металл сейфін алып, оқиға орнынан қашып үлгереді. Сол уақытта күзетші қол-аяғын босатып, бірден мейрамхана кешенінің менеджеріне хабарласып, болған жайттың бәрін айтады. Ал ол  полиция қызметіне хабар берген.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері қылмыскерлердің ізіне түседі. Кезекшілік тәулік ішінде «ізін суытпай» қылмыс ашылып, күдіктілер қолға түсті. Аталған қылмысқа қатысы бар төрт күдікті анықталып, ұсталды. Олардың Ақсай қаласының 1989 және 1990 жылғы тұрғындары екені белгілі болды.  Ұрланған ақша мен қылмыс қаруы тәркіленді. Ұстау кезінде қылмыскерлер ақшаны өзара бөліп үлгерген. Сондай-ақ, сейфті қайда лақтырып кеткендерін де көрсетті. Заттай айғақтар тәркіленіп, қылмыстық іске тігілді.

Ұрланған ақша толықтай тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Екі күдікті Бөрлі ауданы Пб уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 192-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Барлық күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе қарастырылуда.

 

 

 

 

 

 

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»