8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Ақпан 2020 1910 0
Қоғам

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

3 ақпан күні «Antikor» сервистік орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының бірлесіп ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша семинар өтті.

Семинар-кеңестің негізгі мақсаты – өңіріміздегі орталық жəне жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру. Жиынға «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Облыстық ақпараттық-ағарту штабы мен арнайы мониторингтік топ мүшелері, БАҚ өкілдері, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен докторанттары, қоғам өкілдері, заңгерлер қатысты.

Семинар барысында «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту» Қорының президенті, республикалық арнайы мониторингтік топ басшысының орынбасары Зəуреш Батталова нормативтік құқықтық акті жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің маңыздылығына кеңінен тоқталып, ашық диалогтық сұхбат құрды.

Тыңдаушыларға сараптама жасаудың негізгі қағидалары мен жүйесін, техникасы мен мақсатын, сараптама өткізудің мерзімдері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама қорытындысының құрылымын, мазмұны мен ақпараттың ашықтығына және қолжетімділігіне қатысты құнды ақпараттар берілді. Сондай-ақ, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының еркін Заңнама институтының ғылыми жетекшісі, республикалық Арнайы мониторингтік топ мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты, адвокат Мереке Ғабдуалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу процесіне кеңінен тоқталып өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл механизм заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу сатысында ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.
Шара соңында қатысушыларға тақырыпты кеңінен түсіндіру мақсатында практикалық жаттығулар ұйымдастырылып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
338 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
330 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»