ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ 300 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН КӨМЕК БЕРІЛЕДІ
Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысында 64 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері бар. Оларға биыл облыстық және аудандық бюджеттен 300 мың теңгеден біржолғы материалдық көмек беріледі,

Қазіргі уақытта Ұлы Отан соғысына қатысқан 48 ардагер Орал қаласында, 16-сы аудандарда тұрады. Сонымен қатар, облыс бойынша тыл еңбеккерлерінің саны 5 831 адамды құрайды. Соның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер – 39. Олардың 11-і офицерлік құрамда және басқа елдерде қызмет атқарғандар, тоғызы Ленинград қоршауында болғандар, 19-ы фашистік концлагерьде тұтқында болғандар. ҰОС жылдары қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері – 449 адам.
2020 жылы облыстық және аудандық бюджеттен ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне 300 мың теңге, оларға теңестірілген тұлғаларға 100,0 мың теңге, Ленинград қоршауында болғандарға 60 мың теңге және тыл ардагерлеріне 30 мың теңгеден біржолғы материалдық көмек беру жоспарлануда. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңына сәйкес ҰОС жылдары қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне теңестiрiлген адамдардың санаты белгіленген.
Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының мәліметінше, Орал қаласы және аудан орталықтарындағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және тыл еңбеккерлеріне жәрдемақы төлеу 1 наурыздан басталады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу