ЖЕЛАЕВТА ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Бүгін Желаевта 100 орындық шағын орталық ашылды.

Орал қаласы іргесіндегі Желаев ауылында 2000-нан астам тұрғын бар. Жыл сайынғы есептік жиындарда тұрғындар тарапынан мектепке дейінгі ұйымның қажеттілігі көтеріліп келеді. Осы орайда бұрынғы мектептен тыс жұмыстар орталығының ғимараты қайта бейімделіп, шағын орталық ашылып отыр. Ал Мектептен тыс жұмыстар орталығы мектепке орналастырылған.
Ғимарат шағын орталыққа қажетті жиһаздармен жабдықталып, қажетті құралдар алынған. Барлық коммуникациялық құрылымдар тартылған. Жаңарған орын 100 бүлдіршінді қабылдауға дайын.
Шағын орталықтың ашылуына қатысқан қала әкімі Абат Шыныбеков желаевтық бүлдіршіндердің қуанышына ортақ екенін білдіріп, ауыл тұрғындарына құтты болсын айтты. Қала басшысының сөзінше, шаһарда 3-6 жас аралығындағы балғындар 100 пайыз мектепке дейігі тәрбиемен қамтылып отыр. Дегенмен, ата-аналардың сұранысы бойынша 1,5-2 жас шамасындағы балғындарды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін жаңа жұмыстар атқарылуда.
– Биыл қала бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта бос тұрған ғимараттарды бейімдеу қолға алынды. Осы жылдың І тоқсанында шамамен 1300-ге жуық жаңа орын ашылады. Сондай-ақ жақын күндері жеке инвестиция есебінен қала орталығында 280 орындық балабақша бүлдіршіндерді қабылдайтын болады, – деді Абат Абайұлы.
Қазіргі уақытта Орал қаласы бойынша 135 мектепке дейінгі ұйым бар. Олардың 50-і мемлекеттік, 50 жеке балабақша. Қалғаны мектеп жанындағы шағын орталықтар. Мектепке дейінгі ұйымдарда 15 мыңнан астам бүлдіршін тәрбие алуда.





Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу