БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖҮРГІЗУ СЕМИНАРЫНАН ӨТТІ
30 қаңтар күні «Antikor ortalygy» сервистік орталығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты білім саласы қызметкерлеріне арналған семинар-тренингі ұйымдастырылды.

Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан шаралармен таныстырып, жемқорлықпен күрес саласындағы өзекті мәселелер мен жаңашыл бастамаларға тоқталды.
Тренинг барысында басқарманың бас маманы Г.М.Мурзакаева сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жүргізу бойынша ұсыныстар беріп, талдау бағыттарын, талдамалық анықтама құрылымы мен білім саласындағы жиі кездесетін жемқорлық тәуекелдерін анықтау тәсілдерін түсіндіріп өтті.
Қатысушылар жүргізілген талдаулар үлгілерімен таныстырып, талдау жүргізудегі өз ойлары мен тәжірибелерімен бөлісті.
Тренинг қатысушыларына ішкі талдау жүргізу бойынша материалдар таратылып, қойылған сұрақтарына жауап алды.
Білім саласы өкілдері «Antikor ortalygy» сервистік орталығында әр оқу орнының парасаттылықты қалыптастыру бойынша іс-шараларын өткізу мүмкіндігіне ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу