БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА АБАЙ МҰРАСЫН НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН 800-ДЕН АСА ШАРА ӨТЕДІ
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысында 861 шара жоспарланған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтылды.

2020 жылы қазақ халқының Ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Қазақстан Республикасының Президентінің 2019 жылғы 30-мамырдағы №55-ші Жарлығы жарияланған болатын.
Ұлы ақынның мерейтойы ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ аясында атап өтілетін болады. Соған сәйкес Батыс Қазақстан облысының Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы өңірлік іс-шаралар жоспары жасақталды. Аталмыш шараны Тілдерді дамыту басқармасы жетекшілік етіп, басқарма жанынан Ұлы ақынның мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жұмысшы тобы құрылды. Жұмысшы тобына облыстың ардагер зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері, ЖОО ғалымдары, қалалық әкімдіктен және облыстық басқармалардан жауапты өкілдер енгізілген.
Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы С.Қ Ганиеваның баяндауынша, өңірімзде Абай мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында облыстық, қалалық , аудандық және селолық округтерді қамтыған барлығы 861 іс-шара өткізу жоспарланған. Олардың төртеуі – халықаралық, алтауы – республикалық, 65-і – облыстық, 140-ы – қалалық, 646-сы – аудандар мен ауылдық округтерде өтеді.
Ақынның мерейтойына арналған өңірлік іс-шаралардың салтанатты ашылуы 18 ақпанға жоспарланған. Бұл күні Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында «Абай мұрасы – қазақтың рухани қазынасы» атты шара өтеді.
Одан кейін Орал қаласында «Абай мұрасы-әлемдік мәдениет қазынасы», «Абай Құнанбаев: XXI ғасырдағы білім және ғылым» атты конференция және «АБАЙ-ПУШКИН» халықаралық жастар форумын ұйымдастыру жоспарланса, Шыңғырлау ауданында «Абай әлемі: қазақ әдебиеті мен тілінің бүгіні, болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады.
Сонымен қатар Орал қаласындағы Абай алаңын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бөрлі ауданы Ақсай қаласында Абай Құнанбайұлының скульптуралық композициясын орнату бойынша жұмыстар басталды. А.С.Пушкин музейінде Абай экспозициясы жасақталып, Жазушылар аллеясы ашылмақ. Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театыры М.Әуезовтың «Абай» спектаклінің қойылымын дайындауда. Бұл қойылым қала және аудандарда ұсынылады.
Сонымен қатар, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғалиевтің «Абай әндері» атты концерті жоспарланған. Мерейтойлық шаралар қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертпен қорытындыланады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу