8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қаңтар 2020 2026 0
Қоғам

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗИЯТКЕРЛІК МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Орал қаласында әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында «Фараби оқулары» аясында «Әл-Фарабидің ғылыми-зияткерлік мұрасы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Облыстағы 30-дан аса арнаулы оқу орындары студенттері қатысқан конфренцияны Республикалық жоғары техникалық колледжі ұйымдастырды.

Конференция шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі Әбу Насыр Әл-Фарабидің еңбектерін кеңірек таныстыру және  насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. «Әл-Фараби және мәдениет», «Әл-Фараби математика және астрономия ғылымында», «Әл-Фараби жаратылыстану ғылымында», «Әл-Фараби философия ғылымында», «Әл-Фараби филология ғылымында» бағыттары бойынша бес секцияда студенттердің зерттеулері бойынша дайындалған 45 баяндама тыңдалды. Әл-Фарабидің өмірі, әлеуметтік-этикалық, саяси, философиялық, діни көзқарастары, мемлекет басқару, ізгілікті қоғам жөніндегі гуманистік идеялары, ғылымның әр саласын қамтитын тракттаттары мен тұжырымдарының рухани құндылығы мен маңызы тереңнен қозғалды.

Конференция қатысушыларының жұмыстарын М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері сарапқа салды. Үздік зерттеу жұмыстарының авторлары білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
148 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
325 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»