8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қаңтар 2020 2072 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА КОРОНОВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қала және облыс тұрғындарын желіде таралып жатқан жалған ақпараттарға емес, тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.

Департамент мамандарының хабарлауынша, Қытай Халық Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты медициналық қызметкерлер ҚХР-дан жақында ғана келген адамдарға қоңырау шалып, араларынан ЖРВИ белгілері бар адамдарды анықтады. Іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес, ЖРВИ белгілері бар тұлғаларға медициналық тексеру жүргізілді. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша, ҚХР келгендердің біріне ЖРВИ диагнозы қойылды. Онымен байланыста болған екінші адамнан «В» типті тұмау вирусы анықталды.

Олар қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Жағдайлары қанағаттанарлық және негізгі аурулары ЖРВИ мен тұмау бойынша қажетті симптоматикалық ем алуда.

Айта кетейік, 27 қаңтар күні Оралда жаңа үлгідегі коронавирустық инфекция ауруына күдікті науқастарды анықтау, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу, ошақта дезинфекция жасау кезінде мүдделі ведомстволардың дайындығын тексеру мақсатында оқу-жаттығу өткізілген болатын.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
77 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
115 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
211 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
195 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»