8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қаңтар 2020 1767 0
Өзек

МАС КҮЙДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕН 51 АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

20 күнге таяу уақыттың ішінде 51 оралдық азамат мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталған. 

2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің кейбір баптарына өзгерістер енгізілді. Соның бірі – мас күйінде көлік тізгіндегендерге қатысты. Биылдан бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасына алынады және 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады. Ішімдік ішкен күйі қайтадан көлік жүргізгендер 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынады және тағы 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Ал масаң күйінде абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірсе, 1000 АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұлмен немесе 1 жылға дейін  бас бостандығынан айырумен жазаланады. Оған қоса, 10 жылға  дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады.

11 қаңтардан бүгінгі күнге дейін Орал қаласы бойынша ҚР ӘҚБТК-тің 608-бабымен 51 көлік жүргізушісі Орал қ.ПБ-ның арнайы қабылдау орынына жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 346 -бабымен бұған дейін көлік жүргізу құқынан айырылып, мас күйінде көлік жүргізген 13  тұлға  басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
109 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
165 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
229 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
263 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
308 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»