8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қаңтар 2020 1508 0
Қалалықтар қаперіне

«БАТЫС СУ АРНАСЫ» КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛГІ ШАРТЫН САҚТАУДЫ ЕСКЕРТЕДІ

«Батыс су арнасы» ЖШС елдімекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын және Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шартты сақтау қажеттілігі туралы ақпаратты хабарлайды.

Қызметтерге төлем жүргізу тәртібі үлгі шарттың 14 т. сәйкес «егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, Тұтынушы нақты ұсынылған қызметтердің мөлшері үшін ай сайын төлем құжатының негізінде есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 25-не дейінгі мерзімде төлейді. Есептік кезең бір күнтізбелік айды құрайды».

Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларының 30 т. сәйкес қызметтерді көрсетуді тоқтату тәртібі:

  • «қызмет көрсетуші тұтынушыға кемінде үш күнтізбелік күн ішінде хабарлай отырып, сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсетуді мынадай жағдайларда:
  • тұтынушы белгіленген мерзімде сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерге арналған шарт бойынша қызметтерге толық көлемде ақы төлемегенде;
  • тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз болғанда және қызмет көрсетушінің анықталған ақауларды және бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарын орындамағанда ішінара немесе толық тоқтатады.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда сумен жабдықтау қызметінің көрсетілген көлемін есептеу Сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесінің 22 т. сәйкес жүргізіледі:

1)      тұтынушының есепке алу аспабында және/немесе су өлшеуіш торабының айналма сызығында (тиекті арматурада) пломбалардың жұлынуы анықталған кезде, тұтынушыда есепке алу аспабының көрсеткіштерін бұрмалаушы құрылғыларды (магнит) анықтаған кезде, тұтынушының сумен жабдықтау жүйесінен жылыстауы анықталған кезде, енгізудегі есепке алу аспабы болмаған немесе оның ақаулары болған жағдайда, есепке алу аспабының істен шығуы туралы қызмет көрсетушіге хабарламаған кезде – соңғы тексеру сәтінен бастап анықталған күнге дейін құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес;

2)      сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсынуға қызмет көрсетушімен жасалған шартсыз елді мекеннің (қызмет көрсетушінің) сумен жабдықтау желілерінен суды пайдалану фактісі анықталған кезде – өз бетімен қосылған енгізудегі құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша, нақты пайдалану уақыты анықталған (ажырату) сәтке дейін, бірақ үш айдан артық емес;

3)      суды есепке алу аспабын тексеру үшін қызмет берушінің лауазымды тұлғасын тұтынушы (оның өкілдері) жібермеген кезде – соңғы тексеру сәтінен бастап жіберген сәтке дейін есепке алу аспабы орнатылған құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі;

4)      тұтынушының немесе оның өкілінің суды есепке алу аспабын орнатуға негізсіз кедергі жасауы кезінде – суды есепке алу аспабы орнатылуға тиіс құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша кедергі жасаған сәттен бастап қызмет берушінің өкілі орнатылған суды есепке алу аспабын пломбалаған сәтке дейін.

  • өрт сөндіру жағдайларынан басқа, өртке қарсы жүйелерден су пайдалану фактісі анықталған кезде – нақты өз бетімен пайдаланған уақыттан бастап анықталған кезге дейін өз бетімен пайдалану жүзеге асырылған өрт краны немесе гидрант алдындағы су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша, бірақ екі айдан артық емес;

6)      Бұзушылықтар анықталған кезде көрсетілген су бұру қызметінің көлемін есептеу сумен жабдықтау қызметінің есептелген көлеміне тең қабылданады.

Тұтынушылар Қызмет беруші белгілеген барлық техникалық талаптарды орындауы, суды есепке алу аспаптарының жұмысындағы барлық ақаулар мен бұзылулар туралы, сонымен қатар пломбаның жұлынуы мен тұтастығының бұзылуы туралы шұғыл хабарлауы қажет.

Нәсіп Мәмбетова, «Батыс су арнасы» ЖШС абоненттік келісім-шарт бөлімінің бастығы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»