ОРАЛДЫҚ ЖҮРГІЗУШІЛЕР БАСҚА ҚАЛАЛАРДА ЕМТИХАН ТАПСЫРУҒА МӘЖБҮР
Оралдық жүргізушілер «Е» санатын алу үшін басқа қалаларда емтихан тапсыруға мәжбүр болып жүр. Бұл мәселе 27 қаңтар күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаменті және арнайы мониторингтік тобы және қоғам өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өткен кеңесте талқыланды.

Қазіргі уақытта БҚО Мамандандырылған ХҚКО арнайы жабдықталған автодромның болмауына байланысты азаматтар «Е» санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыра алмауда (жүк тіркемесі бар құрамды жүргізу құқығы). Осыған байланысты, кандидаттар тиісті автодромы бар басқа қалаларға баруға мәжбүр.
Жиын барысында БҚО Полиция департаменті, кәсіби жүргізушілердің қоғамдық бірлестігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БҚО бойынша филиалы өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
Мамандандырылған ХҚКО-ның аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну бойынша қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында практикалық емтиханнан өту үшін қолданыстағы автодромның жарамдылығын анықтау жөніндегі арнайы комиссия құру, сарапшылармен бірлесіп БҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тиесілі мотодромда практикалық емтихан тапсыру мүмкіндігін қарастыру, қаланың автомектептеріне тиесілі автодромдарда практикалық емтихандарды ұйымдастыру туралы мәселені қарастыру туралы шешім қабылданды.
Бақылау мерзімі бар тиісті хаттама жасақталды.

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу