ОРАЛДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕ ЖАҢА ДИРЕКТОР
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қамқоршылық Кеңесі және Басқармасының шешімімен Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып Айдарбек Төлепұлы Айтпукешев тағайындалды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова ұжымға жаңа басшыны таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Оралдағы Зияткерлік мектептің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Айдарбек Төлепұлы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультеті бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын орыс тілі және әдебиеті мұғалімі ретінде бастап, кейін Жәнібек ауданындағы мектептің директорының орынбасары, мектеп директоры болды.
Әр жылдары Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Орал қаласындағы филиалы директоры қызметін атқарды. Соңғы алты жылда Атырау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебін басқарған.
Айдарбек Төлепұлы білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған 10-нан астам инновациялық жобалардың жетекшісі және қатысушысы болды, білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасын жасақтау бойынша сертификатталған тренер және авторлар тобының мүшесі. Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері.
Айта кетейік, NIS-тің бұрынғы директоры Шолпан Маратқызы Қадырова Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу