ҚЫЛМЫСТЫ АШУҒА ҚОЛҒАБЫС ЕТКЕН КОНДУКТОРЛАРҒА СЫЙАҚЫ БЕРІЛЕДІ
Бөтеннің мүлкін ұрлау көп жағдайда қоғамдық көліктерде орын алып, жолаушылардың ақшасы мен әмияндары, қол сөмкелері мен бағалы ұялы телефондары ұрланады.

Бөтеннің мүлкі ұрлығының алдын алу, тосқауыл қою мақсатында Орал қ.ПБ басшылары мен криминалдық полиция бөлімінің басшылары жаңа жыл басталғалы бері қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын автобус парктерінің директорларымен кездесулер өткізуде. Ынтымақты кездесулер барысында қылмыстардың алдын алу және жолаушыларға арналған сақтық шаралары айтылып, мүлік ұрлығына тосқауыл болып, полицияға жәрдемдескен кондукторлар мен жүргізушілерге сыйақы берілетіні баяндалды.
Дәл осындай кездесу 22 қаңтарда «Батыс Қазақстан автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автобус жүргізушілерімен және кондукторларымен ұйымдастырылды. Кездесуде алғаш сөз алған Орал қ.ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұрлан Бисенов қоғамдық көлік кондукторлары мен жүргізушілерін жеке мүлік ұрлығының алдын алу мақсатында бірлесіп жұмыстануға шақырып, қылмыс орын алса, уақытылы полицияға хабарлауларын сұрады. Нұрлан Абылайұлы 22 және 4 маршруттағы автобус кондукторларының қойған сұрақтарына жауаптар берді. Сонымен қатар, қылмыстың ашылуына қолғабыс еткен кондукторлардың сыйақымен ынталандырылатынын айтты. Автопарк директорының орынбасары Данияр Мұхтаров бірлескен іс-қимылға үлес қосатындарын баяндады. Орал қ.ПБ криминалдық полиция бөлімі жедел-іздестіру тобының аға жедел уәкілі полиция капитаны Ерлан Сатаев қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын бірнеше автопарктер ұжымдарымен бұндай кездесулер алдағы күндері де өткізілетініне тоқталды.

Соңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу