8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қаңтар 2020 2032 0
Қоғам

ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНДА 13 098 АЗАМАТТЫҚ ІС ҚАРАЛДЫ

23 қаңтар күні Орал қаласының №2 сотында  брифинг өтті. Сот төрағасы Азамат Борамбаев 2019 жылы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. 

Сот төрағасы алдымен сот қызметін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі саналатын – сот төрелігінің жеті түйініне тоқталды.  Азаматтық  істердің нәтижелері,  сот төрелігін жүзеге асырудағы оң өзгерістер мен бірқатар көрсеткіштер айтылды.

Орал қаласының №2 сотына 2019 жылы 14 410 талап арыз түскен. Жыл соңына қаралмаған арыздар саны – 89.  Жалпы  қаралған азаматтық істер саны – 13 098, шешім шығарылғаны – 6901, арбитраждық сот шешімін бұзу туралы ұйғарым – 69, оның ішінде сот бұйрығы шығарылғаны 2476, оның қағаттандырылғаны – 5357, талап арызды қанағаттандырудан бас тартылғаны – 1613, сырттай қаралған істер – 3, қысқартылған немесе жазбаша түрде қаралғаны 2272 іс.

Сонымен қатар,  2019 жылы сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жақсарту мақсатында сот ісін жүргізудегі әуре-сарсаңға жол бермеуге, істерді жедел қарауға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау аясын кеңейтуге бағытталған жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық шаралары қабылданған.

Сотқа жүгінген азаматтардың көпшілігі азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, алимент төлеу, еңбек заңнамасының бұзылуы және тағы басқа мәселелермен жүгінген. Сонымен қатар, шығарылған сот актілерімен келіспеу жөнінде сұрақтар қойылып,  әрі қарай шағым беру үшін азаматтық іс жүргізу туралы заң нормаларын түсіндіру жұмыстары атқарылған.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
338 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
330 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»